{metadescription}
Салық амнистиясы! Алты жарым миллиард қарыз кешірілді
Салық амнистиясы! Алты жарым миллиард қарыз кешірілді

Салық амнистиясы! Алты жарым миллиард қарыз кешірілді

Қазақстандықтардың 6 жарым миллиард теңге қарызы кешірілді. Қаржы министрі Әлихан Смайылов шілдеде басталған салық амнистиясының қазірге дейінгі қорытындысын жариялады. Қазына кірісін бақылаушылардан, әсіресе бизнесмендер көп жақсылық көрген.

Шағын және орта бизнеспен айналысатын 42 мың азаматтың 4 млрд теңгеден астам өсімпұлы мен айыппұлы кешірілген. Кәсіпкерлер қалған 13 миллиард теңгені өздері қайтарыпты. Ал жеке тұлғалар қарыздың негізгі соммасынан 10 млрд теңгені өтеген. Олардың 2 миллиард теңге өсімпұлы жойылды. Осылайша, салық бойынша жалпы берешек 5 пайызға төмендеген.

Шілде айында басталған салық рақымшылығы жыл соңына дейін жүргізіледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.