{metadescription}
Қайтыс болған немесе елден кеткендерге тіркелген жылжымайтын мүлікке қатысты ұсыныс айтылды
Қайтыс болған немесе елден кеткендерге тіркелген жылжымайтын мүлікке қатысты ұсыныс айтылды

Қайтыс болған немесе елден кеткендерге тіркелген жылжымайтын мүлікке қатысты ұсыныс айтылды

Қайтыс болған немесе елден кетіп қалған азаматтардың атына тіркелген жылжымайтын мүліктер жүз мыңдап саналады. Еліміздегі мәліметтер базасында осындай дерек тіркелген. Қаржы министрі Әлихан Смайылов соларды иесіз деп тану туралы ұсыныс жасады.

Қаржы министрлігі жылжымайтын мүліктердің тізілімін қайта өңдегісі келіпті. Сөйтіп 17 миллион мүлікті қайта тіркеп шыққанда, соның ішінен 843 мың қате тапқан. Тексере келсе, Қазақстаннан әлдеқашан кетіп қалған азаматтар мен о дүниеге аттанып кеткен марқұмдардың атында әлі тіркеліп тұр екен. Өмірде жоқ адамдардың атына тіркелген мүліктер саны 300 мыңнан асады.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

- Мысалы, қайтыс болған мүлік иесі бойынша 343 мың қате тарихи мәлімет жазбалары анықталды. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қайтыс болған және ҚРнан тыс жерлерге кеткен адамдарға тиесілі иесіз мүлікті иесіз деп тану мәселесін пысықтау қажет.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.