{metadescription}
Теміртауда балалар үйінен шығып кеткен екі қызға іздеу жарияланды
Теміртауда балалар үйінен шығып кеткен екі қызға іздеу жарияланды

Теміртауда балалар үйінен шығып кеткен екі қызға іздеу жарияланды

Теміртауда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне іздеу жарияланды. Осыдан төрт күн балалар үйінен шығып кеткен 13 және 16 жастағы қыздар әлі табылар емес.

Тәрбиеленушілер Теміртаудағы «SOS» деп аталатын  балалар ауылында тұрады. 13 жастағы Мишель Лавриенко және 16 жастағы Дарья Максимова қарашаның 30-ы күні  ауыл аумағынан шығып кеткен. Содан бері хабарсыз. Полиция мен еріктілер қаланың барлық жерін шарлап төрт күннен бері таппай жүр. Балалар үйінінің басшылығы қыздардың үлгерімі мен тәртібі жақсы дейді. Дегенмен аракідік шатақ мінез көрсеткенін де жасырмады. 

Валерий Дубровский, Теміртау қалалық «SOS» Балалар ауылының директоры:

- Екеуінің тәрбиесінде қиындық болғанын растаймын. Бірақ шектен шыққан оғаш қылық көрсетпейтін. Екеуі де шығармашылық және спорт түрлерімен айналысады. Кіші қыз жақында шешесі қайтыс болғаны туралы хабар естіп, күйзеліп жүрген. Мүмкін сыртқы жағдайлар әсер етті ме? Аманесен қайтып келсе, қуанамыз. Оларға жаза қолданбаймыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.