{metadescription}
«Дегдар» қоры жетім балаларға талантын ашатын мереке сыйлады
«Дегдар» қоры жетім балаларға талантын ашатын мереке сыйлады

«Дегдар» қоры жетім балаларға талантын ашатын мереке сыйлады

Елордада «Дегдар» қоры жетім балаларға мереке ұйымдастырды. Оған Ақмола облысының Урюпин ауылындағы балалар үйінен 70 тәрбиеленуші келген. Бүгін ұл-қыздар өздерін кәсіби суретші, робототехник, аспаз,  ғалым ретінде сезінді. Ал мереке соңында ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға өздері қалаған сыйлықтар табысталды.

Балалар үйіне дейін кішкентай Настя отбасымен бірге тұрған. Бірақ жуырда оны өмірге әкелген жандар ата-ана құқынан айырылыпты. Қазір қыз әке-шешесімен сөйлесіп тұрады. Әрі оларды жиі еске алатынын айтады. Бүгін қыз ерекше ойыншықтармен ойнап, көңіл-күйі бір көтеріліп қалды. 

«Дегдар» қоры ұйымдастырған мерекеге Урюпин ауылындағы балалар үйінен 70 тәрбиеленуші келген. Бүгін оларға түрлі шеберлік сабақтары көрсетілді. Бұл ұл-қыздардың жаңа талантын ашуға септігін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.

Юлия Алдажарова, Урюпин ауылындағы балалар үйінің директоры:

- Бүгін біздің балаларға нағыз мейрам. Өйткені әркім өзінің жанына жақын істі тауып жатыр. Бірі биге қызықса, енді біріне сурет салу ұнайтынын байқап жатырмыз. «Дегдар» қорына көп рақмет! Балаларға мұндай мүмкіндік күнде беріле бермейді.

Тәрбиешілер балалар үйінде ұл-қыздарға барлық жағдайды жасауға тырысамыз дейді. Бірақ бүгін ұл-қыздар ерекше қамқорлық пен жылылықты сезінді. Өйткені барлығының назары кішкентайларда болды.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Сіздердің жандарыңызда және айналада өмірін қамқорлық жасауға арнаған мейірімді жандар көп. Олар сіздердің жақсы өмір сүрулеріңізге, жетістікке жетуге, жақсы адам болып өсіп, сүйікті істеріңізді табуларыңызға және жай ғана бақытты болуға бәрін жасайды. Мен сіздерге шын жүректен осының бәрін тілеймін.

«Дегдар» қоры мұндай шараны бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Жетім балаларға қамқорлық жасауға бағытталған «Сиқырлы әуендер» фестивалі екінші рет өткізілуде.

2017 жылы фестивальден 52 миллион теңге жиналған. Қаражат 4 балалар үйіне бөлінген болатын. Бұл жолы да солай болмақ.

Лаура Ахметова, «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры:

- Балалар үйінің әр тәрбиленушісіне өзі қалаған сыйлық табысталады. Сондайақ, мұндай мекемелерге қажетті құрал-жабдықтарды алып береміз. Мәселен, ас үйге, оқуға керек құрал-жабдықтар және сенсорлық бөлмелер. Балалардың дамуына пайдалы заттар табысталады.

Ал 7 желтоқсанда «Қазақстан» орталық концерт залында қайырымдылық концерті өтеді. Онда танымал оперетталар мен мюзиклдердің ариялары орындалмақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.