{metadescription}
Казградстрой! Қызылжарлық құрылысшылар бір жыл бойы жалақысын ала алмай тарығып жүр
Казградстрой! Қызылжарлық құрылысшылар бір жыл бойы жалақысын ала алмай тарығып жүр

Казградстрой! Қызылжарлық құрылысшылар бір жыл бойы жалақысын ала алмай тарығып жүр

Қызылжарда құрылысшылар бір жылдан бері жалақы ала алмай жүр. Өйткені олар істеген компанияның бар мүлкі кепілге қойылып, берешекті өтеуге қаржысы жоқ. Тарыққан жұмысшылар компанияның ақшасын түгендеуге амалсыз шықты. Олар әкімдіктің «Казградстройға» 100 миллион теңгенің жұмысын істеткенін анықтапты. Бірақ ол ақшаны шенеуніктер өтемейміз деп отыр.

Қызылжардағы «Казградстрой» компаниясының жұмысшылары өздері салған үйдің жертөлесіне күнара жиналады. Жұмыс тоқтап, жалақы даулағандарына бір жылдан асыпты. Содан бері арызданып, бармаған жері жоқ. Сот орындаушылары серіктестіктің бар мүлкінің кепілде тұрғанын айтқан. Ақыры құрылыс мекемесінің ақшасын өздері түгіндеуге кіріскенде, әкімдіктің бақандай 100 миллион теңге берешек екенін анықтайды.

Елена Мягких, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Құрылыс компаниясының екі нысанға жасаған жобалықсметалық құжатын қала әкімдігі иеленіп отыр. Ол, кем дегенде, 100 миллион теңге тұрады. Осы ақшаны өтесе, айлығымызды алар едік.

Осыны айтып жұмысшылар шенеуніктерге де шағымданған. Тіпті қала әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев белсенді топпен кездесуге де келіскен. Бірақ өзі шақырып алып, өзі қашып кетті. 

Қала әкімінің орынбасары ашуланып жатыр:

- Енді, мен түсінемін, бәрін түсінемін, қанша дегенмен аздап болса да әдеп сақтау керек, бұл жағдайда.

-  Қандай әдеп?

-  Бес минут күте тұрыңыздар.  

-  Былай істейік, қазір менде, әкімдікте жиналыс болып жатыр, сондықтан сіздер былай істеулеріңіз керек еді... Сіз түсіріп жатырсыз ба?

Қалалық әкімдіктен қайыр болмаған соң жұмысшылар аймақ басшысының орынбасарына барды. Қайрат Сақыпкереев құжаттарды қайта тексеруге уәде еткенімен, артынша қала басшысының басқа орынбасарына сілтеді. Ақыры шенеуніктер құрылыс компаниясына «бір тиын да қарызымыз жоқ» деп отыр. 

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

- Бұл актілер Петропавл қалалық құрылыс бөліміне сый ретінде келісімшартпен берілген. Бұл біздің мүлкіміз. Көптеген тексеру жүргізілді. Осы актілер сол кезде сұрау салғандарға беріліп келді. Қазір ол акті өз қолымызда.

Құрылыс компаниясының өкілдері де жобалық-сметалық құжат әзірлеуге кеткен ақшаны даулап жүр. Олар әкімдік иеленген көпқабатты қос үйдің актісін «ешкімге ұстатпадық» деп отыр. Даудың осылай шиленісіп кеткеніне қарағанда жұмысшылардың қолына  айлықтары әзір тимейтін сияқты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде