{metadescription}
Ескерту! Қарағанды облысында көктайғақтан 20-дан аса жол апаты тіркелді
Ескерту! Қарағанды облысында көктайғақтан 20-дан аса жол апаты тіркелді

Ескерту! Қарағанды облысында көктайғақтан 20-дан аса жол апаты тіркелді

Қарағанды облысын көктайғақ жайлап алды. Соның салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылып, көлік апаты көп болып жатыр. Тіпті Теміртау қаласында мектептегі сабақ та тоқтады.

Жаңбыр жаууы салдарынан қала сыртындағы жолдар мұз айдынына айналды. Бұған еті үйрене қоймаған көп жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Полицияның мәліметінше, өңірде көктайғаққа байланысты 20-дан аса жол апаты тіркелген. Ауыр жарақат алғандар жоқ.

Мәселен, Шет ауданында 42 жолаушысы бар автобус аударылды. Полицейлер ондағы 42 адамды аман-есен шығарып, жақын маңдағы дәмханаға жеткізген. Шахтинскіге барар жолда бірнеше көлік соқтығысты. Ал Темрітау қаласының көшелері тіпті көк мұз. Мұнда әсіресе жаяу жүргіншілер қадамы кібіртіктеп, жүруден қалған. Осы себепті түстен кейінгі ауысымдағы оқитын балаларға сабақ болған жоқ.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде