{metadescription}
Ақмола облысында төрт баланы әкесіз қалдырған жол апатына кінәлілер тиісті жазасын алмай жүр
Ақмола облысында төрт баланы әкесіз қалдырған жол апатына кінәлілер тиісті жазасын алмай жүр

Ақмола облысында төрт баланы әкесіз қалдырған жол апатына кінәлілер тиісті жазасын алмай жүр

Сыныптастар әкелген қайғы. Екі жыл өтсе де, бір әулетке қара жамылдырған қылмыстың нүктесі қойылар емес. Ақмола облысындағы Кенесары ауылында болған жол апаты салдарынан Батырбек Сәрсенбай көз жұмған. Марқұмды бір емес, екі бірдей көлік бірінен соң бірі соғып өтіпті. Туыстарының айтуынша, көліктердің тізгінінде полиция инспекторы мен соның сыныптасы отырған. Адам өліміне себепкер болған олар, тіпті, бүгінге дейін жүргізуші куәлігінен де айырылмады деп ашынады.

Оқиға болған жер. Марқұмның туысқандарының айтуынша, Кенесары ауылынын қақ ортасынан өтетін тас жолдан екі көлік қатты жылдамдықпен келген. Сол кезде апат кұрбаны болган Батырбек Сәрсенбай қасында келе жатқан екіқабат келіншегін итеріп үлгереді.

Батырбек өзі опат болса да, жүкті әйелін құтқарып қалған. Сол кезде іште болған жеті айлық сәбиі аман-есен дүниеге келіпті. Жесір келіншектің бір жарым жастағы Медеттен басқа тағы үш ұлы бар. Ал Батырбекті жерлегеннен кейін туысқандары кінәлілер жазасын алар деп күткен. Сөйтсе, іс сиырқұйымшақтанып кетіпті. «Бұған адам соққан көлік тізгінінде полиция инспекторы Рүстем Ақпанбетовтің болуы себеп», - дейді қаралы отбасы.

Баршагүл Амангелді, Кенесары ауылының тұрғыны:

- Соққан бірінші көлік кінәлі. Ол тура бірақ кетті, көзіммен көрдім. ДВД-дан барлық таныстарын шақырып. Сол күні мен үйге кіріп кеткеніме әлі өкінемін. Кірмеуім керек еді.Сол жерде отыруым керек еді. Мен құлаған жердегі көлік саймандарының біреуі жоқ. Бәрін жинаған, өз таныстарын шақырған, осы жағдайдың бәрі жалған.

Екі жыл бойы тергеліп бітпеген іс сотта қаралып, қайта тергеуге жіберілген. Марқұмның туысқандары сотта «куәгерлердің дәлелі есепке алынбады» деп отыр. Қылмыстық істе кінәлі тек екінші көлікті айдаған полиция инспекторының сыныптасы Руслан Күсембаев қана.

Руслан Күсембаев, Кенесары ауылының тұрғыны:

- Егер адам маған ұшып келіп, капотыма құласа, мен не істей аламын? Алдымда менің сыныптасым, полиция инспекторы Ақпанбетов келе жатқанын көріп келемін ғой. Ол адам соққанын алғашқыда айтты, сосын айнып қалды. Көз алдымда болған жағдайды дәлелдей алмауым, әрине, оның полицей болғанында болып тұр.

Ал Рүстем Ақпанбетов «сүттен ақ, судан таза» десе де, оның көлігіне де сол күні айтарлықтай зақым келіпті. Бампері, айнасы сынып, есігі сырылған. Бірақ қазір оның тіпті қылмыстық істе аты да аталмайды. Мұны полицейдің әріптестері өздерінше түсіндіріп әлек.

Қанат Рысбаев, Ақмола облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

- Иә, көшемен екі көлік қатар келген. Бірақ тергеу барысында сараптама «Тойота Камри» мінген полицейдің емес, «Фольксваген Венто» мінген Күсембаевтың көлігінен марқұмның дене жарақатын алғанын көрсетті. Ал тергеудің ұзап кетуі соттың түрлі инстанциясына алты рет шағым түсуімен байланысты.

Әділдікке жетпеген соң марқұмның туыстары Бас прокуроратураға дейін шағымданған. Тіпті адвокат жалдап эксгумация да жасатыпты. Шиеттей төрт баланы жетім еткен жол апатына кінәлілердің бүгінге дейін жүргізуші куәлігінен де айрылмағанына ашынады. 80-ге келген марқұмның әкесі енді осынау белден басушылықты тиюға президент араласса деп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде