{metadescription}
Қызылорда-Құмкөлдегі апат: Аспаз жігіт арманына жете алмады
Қызылорда-Құмкөлдегі апат: Аспаз жігіт арманына жете алмады

Қызылорда-Құмкөлдегі апат: Аспаз жігіт арманына жете алмады

Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы апат салдарынан көз жұмған жұмысшылар жерленіп жатыр. Бүгін шымкенттік 35 жастағы Александр Галкиннің денесін туыстары жер қойнына тапсырды.

Бес жылдан бері «Саутс-Ойл» компаниясында аспаз болып жұмыс істеп жүрген Александрдың артында 12 жастағы жалғыз ұлы қалды. Шымкенттен жалақысы дұрыс жұмыс таппаған соң, шалғайдағы екі апталық вахтаға тұрған ол ұлына пәтер алып беруді армандаған екен. Алайда аспаз жігіт арманына жете алмады. Жеті әріптесімен бірге көз жұмған оның туыстары компанияға «ешқандай кінә артпаймыз» дейді. Бірақ аударылған автобустың ескі болғанына налиды.

Людмила Баганцева, марқұмның туысы:

- Жұмысшыларды тасыған автобус тым ескі ғой. Шалғай жерге мұндай жағдайы жасалмаған автобуспен адам тасыған дұрыс па? Оның үстіне жұмысшылар келе жатқанда жол көктайғақ, тұман болды. Қасірет тағы қайталанбас үшін компания мен үкімет алдын алу керек деп санаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.