{metadescription}
Бойжеткен. Всё из-за неё! Отандық фильм ТМД-да үздік фильм атанды   
Бойжеткен. Всё из-за неё! Отандық фильм ТМД-да үздік фильм атанды   

Бойжеткен. Всё из-за неё! Отандық фильм ТМД-да үздік фильм атанды   

Қазақстандық фильм топ жарды! Арменияда өткен халықаралық фестивальде отандық «Бойжеткен. Всё из-за неё» картинасы жүлдеге ие болды. Ол ТМД елдері бойынша үздік фильм атанған. Туынды 2017 жылы Алматыда түсіріліп, еліміздегі үлкен экрандарында көрсетілген. Қалада туып, қалада өскен жігіт пен Америкадан каникулға келген студент қыз арасындағы махаббат көрсетіледі.  

«Бойжеткен. Всё из-за неё» туындысы бұған дейін Африкада, Үндістан, АҚШ және Ресейде өткен фестивальдерге қатысып, кино саласының үздіктерін таң қалдырған. Ал ең басты жүлдеге Арменияда ие болды. Ереванда өткен «Ролан» фестивалінде туынды ТМД елдері бойынша үздік картина атанған. 45 фильмнің ішінен оқ бойы озық шықты.

Алмагүл Тілеуханова, «Бойжеткен. Всё из-за неё» фильмінің бас продюсері:

- Ең үздік жүлдені біз аламыз деп ойлаған да жоқпыз. Бұл маған тосын сый болды.  

Картина 2017 жылы түсіріліп прокатқа шыққан. Алдымен кинопродюсер Алмагүл Тілеуханова үздік сценарийге байқау жариялапты. Оған 50-ге жуық жұмыс келіп түскен. Соның ішінен Абдель Фифтибаевтің сценариі топ жарады. Сонымен бірге ол туындының режиссері. Фильмде асфальтта өскен қала баласы мен Америкадан каникулға келген студент қыз арасындағы махаббат көрсетіледі.

Бұл музыкалық кино. Картинадан көпке таныс әуендерді естисіз. Туынды Оңтүстік астанада бір ай түсірілген. Продюсердің айтуынша, көрермен картинадан ескі Алматыны тамашалап, сағынышын баса алады.

 Алмагүл Тілеуханова, «Бойжеткен. Всё из-за неё» фильмінің бас продюсері:

- Дәл сол жылы Алматы қаласы, естеріңізде болса, толығымен көшелер де, алаңдар да, барлық жерде жөндеу басталған еді. Сонда да, үлгеріп түсіріп, артымызша құрылысшылар әдейі аңдып жүргендей, дәл біз түсіретін жерге құрылыс жүргізуге келіп отырды. Сондықтан бұл фильм ескі Алматыға бір тағзым деп те айтуға болады. Өйткені кинода көрсетілген Алматы енді жоқ.

Фильмге басты кейіпкерлерді таңдау да оңай болмапты. Кастинг жоғары оқу орындарында, рок-фестивальдерде, тіпті, Алматының Жібек жолында өткізілген. Америкадан келген арудың рөлін дебютант Әлия Наурызбаева сомдады. Ал жігіттің рөлі Ерболат Ержановқа бұйырған. Жас актер аз уақытта гитарада ойнауды үйренген. «Бойжеткен. Всё из-за неё» картинасының авторлары алдағы уақытта көрерменді жаңа туындыларымен де қуантпақ. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.