{metadescription}
ҰҚК мен Алматы прокуратурасы «Олимптің» кеңсесіне басып кірді
ҰҚК мен Алматы прокуратурасы «Олимптің» кеңсесіне басып кірді

ҰҚК мен Алматы прокуратурасы «Олимптің» кеңсесіне басып кірді

Еліміздегі ең ірі «Олимп» букмекерлік кеңсесі жабылды. Спорттық ойындарға бәс тігетін орталық заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, салықтан жалтарғаны үшін қызметін тоқтатты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Алматы қалалық прокуратурасы тіпті «Олимптің» әкімшілігі отыратын кеңсесіне де басып кірген. Өйткені құмар ойынға құныққандардың қалтасын қағатын букмекерлер интернет арқылы лицензияланбаған ойын ұйымдастырып, одан түскен табыстың бір бөлігін  шетел асырып отырыпты. Десе де арнайы операция кезінде елден заңсыз ақша шығару жолдары жабылды.

Қазір «Олимптің» басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ал осыдан бір апта бұрын Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты «Олимп» брендімен ұтыс қабылдап жүрген «Онли бет» және «Алфа бет» компанияларының лицензиясын алты айға тоқтатқан болатын. Соған қарамастан жасты да, кәріні де өзіне жіпсіз байлап алған «Олимп» сайты әзірге жұмыс істеп тұр. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдағы уақытта онлайн бәс тігу де тоқтатылатынын хабарлады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.