{metadescription}
Әлеуметтік жәрдемақы: Кім, қашан, қалай алады?    
Әлеуметтік жәрдемақы: Кім, қашан, қалай алады?    

Әлеуметтік жәрдемақы: Кім, қашан, қалай алады?    

Атаулы әлеуметтік көмек алуға студенттің стипендиясы да табыс көзі ретінде есептелетін болды. Үкімет тек мүгедек балалардың шәкіртақысына тиіспейді. Осылайша талай тартыстан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақыры дегеніне жетті. 2020 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі берілмек. Оны кім, қашан, қалай алады?    

Біржан Нұрымбетов министр қызметіне кіріскелі Мәжілістегі Үкімет сағатында алғаш рет баяндама оқып тұр. Онысы депутаттарға жаққан жоқ. Әсіресе атаулы әлеуметтік көмекке стипендияны табыс ретінде қосамыз дегенді естіп, сұрақтың астына алды.

Гүлжан Қарақұсова, Мәжіліс депутаты:

- Стипендия – табыс емес. Ол студенттерді оқуға ынталандыратын көмек. Екіге оқитын балаға стипендия төленбейді. Ал жақсы оқитындарға атаулы стипендия беріледі. Жақсы оқитын, стипендиясын тек өзіне жұмсап жүрген студент ешкім оқымайтын отбасындағы студентке қарағанда нашар өмір сүреді. Мен бұл шешіммен келіспеймін.

Депутат пен министрдің текетіресі үдей бастаған соң, тіпті микрофонды өшіруге тура келді. Қызылкеңірдек болған Қарақұсова бұл пікірін былтыр да айтқан. Сол кезде экс-министр Мәдина Әбілқасымованың мәжілісмендерге «қолдасаңыздар, ескереміз» дегенін қазіргі министрге де қайталап кетті.  

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Айтылған пікірлерді ескеріп, біз бір шешімге келеміз. Қазіргі таңда стипендия кірмейді.

Аз қамтылған отбасыларға жақсы жаңалық та бар. Мәселен, жаңа жылдан бастап олар кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтылады. Түрлі азық-түлік, тіпті тіс пастасы, мектеп құралдары тегін таратылады. Мемлекеттің қаржысына аз қамтылған отбасы балалары мектепте ыстық тамақ ішеді.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- 41 миллиард теңге. Бұл келесі жылы енгізілетін әлеуметтік топтамаға бөлінген қаржы. Мектепке дейінгі балалар тамақ, гигиеналық заттармен ай сайын қамтылып отырады. Ал мектепте оқитын балалар мектепке қажетті құралдар, киімкешектер, қоғамдық көлікпен мектепке барып-келу жолақысы, медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектер, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға 200 млрд теңге бөлінген. Бюджеттің көп бөлігі келесі жылдан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төлеу үшін жұмсалмақ. Кімнің төрт баласы бар, олар айына 42 мың, ал жеті және одан көп баласы барлар 74 мың теңгеден алады. Елімізде 347 мың көпбалалы отбасы бар.

Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың ішінде жәрдемақы алатындар көп шу шығарды. Ел арасында құжат тапсыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына асығыңыздар деген қауесет те таралған-ды. Бүгінгі отырыстан кейін министр енді мұндай дау болмайды. Ақпараттық жүйе де, комиссия да дайын дейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.