{metadescription}
Қатерлі ісікке шалдыққандар неге шетелде емделгісі келеді? 
Қатерлі ісікке шалдыққандар неге шетелде емделгісі келеді? 

Қатерлі ісікке шалдыққандар неге шетелде емделгісі келеді? 

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан 25 мың адам тіркеуде тұр. Дегенмен соңы өлімге апаратын жағдайлар азайған. Науқастардың 50 пайызы ремиссияда. Заманауи құрылғылар, сапалы дәрілер мен білікті дәрігерлер қорқынышты ауруды жеңуде басты көмекші болып отыр. Бір ғана Аматы онкология орталығында жылына 4 мың адам ем қабылдайды екен. 

61 жастағы Наталья Парфенова екі жылдан бері сүт безі ісігімен күресіп келеді. Қорқынышты диагноз аурудың үшінші кезеңінде анықталған. Қатерлі ісік күшіне еніп, зейнеткердің омыртқасына шауыпты. Наталья Парфенова ем іздеп алдымен шетелге барғанын айтады.

Наталья Парфенова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Оңтүстік Кореяда дәрігерлер мені Алматыдағыдай екі апта тексеріп, түрлі сараптама жасады. Ол жақта емделу құны өте қымбат. Қайтарға ақшамыз қалмай, ұлым достарынан көмек сұрады.

Кореядағы емделуді айтпағанда, тек дәрігерге қаралып, сараптама жасауға 15 мың доллар жұмсаған. Елге оралған соң зейнеткер балаларымен ақылдасып, алматылық дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде 8 химиотерапия қабылдап, қауіпті аурудың ошағы толық жойылған.

Наталья Парфенова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бірінші терапиядан соң жақсы сезіне бастадым. Мені емдеген дәрігерлерге мың алғыс. Олар қауіпті ауруды одан әрі асқындырмай, дер кезінде тоқтатты. Төрт рет курстан өткен соң сүйектерім сырқырағанын қойды.

Алматы онкология орталығындағы дәрігерлердің айтуынша, мұнда әр науқасты емдеу тәсілі ерекше. Бастысы, күрделі ем қабылдайтын жанды қолдау маңызды.

Мәдина Нұрғалиева, Алматы онкологиял орталығы химиотерапия бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

- Дәрігер өз міндетінен бөлек, психологтың міндетін атқарады. Біз қатерлі ісікке шалдыққан жанға үміт сыйлауымыз керек. Палатада олармен сағаттап сөйлесеміз. Онсыз ауруды жеңу мүмкін емес.

Қазақстанда обырды емдеу тегін. Сондықтан отандық мамандар қит етсе, шетелге баратындарға асықпаңыздар деп отыр.

Нұрлан Балтаев, Алматы онкология орталығы бас дәрігерінің хирургия ісі жөніндегі орынбасары:

- Біздің отандастарымыз алысжақын шетелге барып емделіп келеді. Ол емнің бәрі бізде – Алматы онкологиялық орталығында жалпы Қазақстанның бәрінде тегін, кепілдік ретінде алса болады. Шетелде болатын дәрілердің бәрі бізде бар. Ол емді түгел алса болады. Хирургиялық тәсіл, сәулемен емдеу, химиятерапия тәсілі.

Осылайша құны миллиондаған отаны тегін жасатуға мүмкіндік бар. Дәрігерлер кез келген дертті асқындырмау үшін скринигтен өтуге кеңес береді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде