{metadescription}
Неден өлді? Жеке тұрғын үйде үш адамның мәйіті табылды
Неден өлді? Жеке тұрғын үйде үш адамның мәйіті табылды

Неден өлді? Жеке тұрғын үйде үш адамның мәйіті табылды

Атыраудағы жеке тұрғын үйлердің бірінде үш адамның мәйіті табылды. Жұлдыз мөлтек ауданында болған қайғылы жағдайдың құрбандары – бір отбасының мүшелері. Мамандардың айтуынша, оқиға орнында қылмыстық әрекеттің ізі байқалмайды. Дегенмен неден өлгенін де нақ кесіп айта алмай отыр.

Ерлі-зайыпты отбасы тоқсаннан асқан аталарымен бірге қала маңындағы жеке үйде оншақты жылдан бері тұрып жатқан. Көршілерімен де аса көп аралас-құраласы жоқ екен. Олар тек темір есік пен дуалдың аржағынан ғана іште тіршілік бар екенін байқап жүріпті. Көз көргендерің айтуынша, отбасы мүшелері ішімдікке жақын болған.

Серікбай Жақсығалиев, көршісі:

- Ішетін. Ешкімге зияны жоқ болатын. Балаларынан айырылып қалды. Балалары болған, бәрін балалар үйіне беріп жіберді. Үкімет тартып алды ғой. Кеше үйінде ішкенау деймін. Неге десең, «үстелдің үстінде арақ тұрды» деді ғой полициядағылар. Уланып қайтыс болды.  

Оқиға орнына бірінші жеткен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қылмыстық әрекетке айғақ боларлықтай ештеңе байқамаған. Газдан уланған да болуы мүмкін деген болжам бар.

Нұрлан Жаңабаев, Атырау қалалық ТЖБ бастығы:

Полиция департаментімен сотмедициналық сараптама тағайындалған соң белгілі болады. Қазір нақты ештеңе айта алмаймыз.

Қаза тапқандардың ең үлкені – 92 жастағы қария. Және 40-тан асқан бала, келіні де бірге көз жұмған. Ал отбасындағы төрт баланы құзырлы мекемелер жағдайы төмен отбасынан уақытша бейімдеу орталығына жіберген екен.

Аталмыш жайтқа байланысты полиция департаменті ҚК-тің 306-бабымен іс қозғады. Үш бірдей адамның өмірін жалмаған оқиғаның анық-қанығы да сараптамадан соң айтылады. Ал «әке-шешеміздің тұрмысы түзеледі, үйімізге қайтамыз» деп жолға қарап, жәутеңдеп жүрген балаларының тағдыры не болары әзірге белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.