{metadescription}
Балабақшада күйіп қалған қыздың анасы білім басқармасымен соттасып жатыр
Балабақшада күйіп қалған қыздың анасы білім басқармасымен соттасып жатыр

Балабақшада күйіп қалған қыздың анасы білім басқармасымен соттасып жатыр

Ақтауда балабақшада күйіп қалған жеті жасар қыздың анасы қалалық білім басқармасымен соттасып жатыр. Ол баласының үстіне ыстық сорпа төгіп алған мектепке дейінгі мекеменің қызмкерлері тиісті жазасын алмай, жайбарақ жүргеніне наразы. Оқыс жағдай наурыз айында болған. Жәбірленуші тарап денесінің жартысын күйік шалған Каринаның еміне кеткен қаражатты балабақшадан өндіріп алмақшы.

Оқыс жағдай наурыз айында Ақтаудағы балабақшалардың бірінде болған. Жеті жасар Каринаның оңбай күйген сәті бейнебақылау камерасына жазылған. Кадрлерден ас бөлмеге жүгіріп кірген қыздың үстіне күтуші әйел ыстық сорпаны төгіп алған. Салдарынан бүлдіршіннің денесін 30 пайыз күйік шалған. Терісі тартылып әбден қиналған Каринаның сол кездегі жағдайы жүрек сыздатады.

Алғашында Каринаның жүріп-тұруы да мұң болыпты. Анасы жұмысына салғырт қараған балабақша қызметкерлерін кінәлап отыр. «Мектепке дейінгі мекемеде балалардың қауіпсіздігі мүлдем сақталмаған», - дейді ол.  

Сәния Есқалиева, Каринаның анасы:

- Біз барғанда баланың үстібасы сорпа болды. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Киімдерін бірден шешкені ақылға қонымсыз. Алғашқы медициналық көмек мүлдем көрсетілмеген. Қызым жанұшыра айғалап жатса да, тәрбиеші алаңсыз жүр. Өйткені ол саңырау екен. Жасы 72-де. Мұндай адамды қалай жұмысқа алуға болады?   

Баласын уайымдаған Сәния тоғыз айдан бері талай аурухана табалдырығын тоздырыпты. Алайда Ақтаудан білікті маман тапағанын айтады. Кейін қызын Нұр-Сұлтан қаласына апарып, бірнеше ота жасатқан. Қазір қыздың жағдайы қалыпты. Бірақ денесінде күйіктің іздері әлі бар. Қызының қиналғанын еске алған ана көзіне еріксіз жас алды.

Сәния Есқалиева, Каринаның анасы:

Қызыма 40 екпе салды. Қиналғанын көріп, жанымды қоярға жер таппадым. Балабақша директоры бір ай өткен соң бізді ұмытты. Қызым әлі өзөзіне келген жоқ. Әбден шошып қалған. Бұл жағдай басқаларға да сабақ болуы тиіс.

Ал қалалық білім басқармасындағылар балабақшаның бірқатар қызметкерін жұмыстан шығарғанын айтады. Ал баланың ем-домына мектепке дейінгі мекеменің ұжымы 600 мың теңге жинап беріпті.

Ақмарал Байшаханова, Ақтау қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Осы жағдайдан кейін біз балабақшада қызметтік тексеріс жүргіздік. Тәрбиеші мен директордан түсініктеме алдық. Аталған балабақшаның тәрбиешісі, оның көмекшісі мен медбике жұмыстан босатылды.

Алайда Сәния қалалық білім басқармасын сотқа берген. Оқиғаға қатысты алғашқы сот процесі де басталды. Каринаның анасы кінәлілер тиісті жазасын алмайынша, соңына дейін күресемін деп отыр. Қыздың еміне кеткен қаражатты ол толық көлемде өндіріп алмақшы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.