{metadescription}
Мамандар тұмаудың өршуіне байланысты ақыл-кеңес берді
Мамандар тұмаудың өршуіне байланысты ақыл-кеңес берді

Мамандар тұмаудың өршуіне байланысты ақыл-кеңес берді

Петропавлда тұмау өршіп тұр. Биыл өңірде жедел респираторлық вирус жұқтырғандар саны 7900-ға жеткен. Ауырғандардың 60 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

Бұған солтүстіктегі қыстың жылы болуы мен адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы себеп. Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы вирус ағзадағы түрлі ауруларды асқындырып отыр. Күзде облыс халқының 11 пайызына ғана тұмауға қарсы екпе салынған. Бұл өте аз көрсеткіш. Тұрғындардың басым бөлігі екпені өз ақшасына салдыруға құлықсыз. Жедел респираторлық вирус пен тұмауға байланысты аймақтағы ахуал ақпан айының орта кезінде тұрақталады деген болжам бар. Мамандар тұмаудың өршуіне байланысты науқастарға үйден шықпай, емделуге және алдағы мереке күндеріне қатысты бірқатар кеңес береді.

Айнаш Сағындықова, СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Адамдар көп шоғырланған жерде барынша уақытша шектеу бар. Қолды сабындап жуу керек. Егер де ауырған адаммен қарымқатынаста болған жағдайда бетперде киіп жүріңіздер.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде