{metadescription}
Снюстың сатылуына тыйым салынуы мүмкін
Снюстың сатылуына тыйым салынуы мүмкін

Снюстың сатылуына тыйым салынуы мүмкін

Қоғамды дүрліктірген снюстың Қазақстан аумағында сатылуына тыйым салынуы мүмкін. Депутаттар заңға осындай ұсыныс енгізбек. Өкінішке қарай, құрамында никотині бар өнімдердің сатылуы елімізде рұқсат етіліпті. 

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Қолданыстағы заңнамада темекі өнімдерінің түрлерін сатуға байланысты техникалық регламенттер бар. Егер сол талаптарға сәйкес болса, нарықта сатуға рұқсат етіледі. Тағы бір айтып өтерлігі, никотині бар өнімдердің қолдан жасалатыны – заңсыз тасымал мәселесі. Бұл енді құқық қорғау органдарының құзырында.

Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде 10 жасар баланың тәлтіректеген видеосы тарап кетті. Бала өзіне сұрақ жаудырған адамға еш мән бермейді. Белгілі болғаны, оқиға Ресейдің Новосібір қаласында орын алған. Жасөспірімнің жағдайы дәрігерлер көмегінен кейін жақсарыпты. Бұл оқиғадан соң, ғаламторда «Таразда балалар снюсты қабылдады» деген ақпар жайлады. Кейін Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті ақпараттың жалғандығын растады. Дегенмен Қазақстанда снюстан уланғандар туралы әзірге бірде-бір дерек тіркелмепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде