{metadescription}
Көп балалы аналар: Педофилдер өлім жазасына кесілсін 
Көп балалы аналар: Педофилдер өлім жазасына кесілсін 

Көп балалы аналар: Педофилдер өлім жазасына кесілсін 

Бір топ ақтөбелік көпбалалы аналар педофилдерге өлім жазасын кесуді талап етті. Олар жанайқайын билік басындағыларға жеткізу үшін әйелдер арасында қол жинауға кіріскен.

Қаланың орталық көшесінің бойына жиналған келіншектер тоғыз жасар бүлдіршінді қорлаған айуанның тез табылуын тілеп отыр. Ондай адамдардың өмір сүруге хақы жоғын айтады. «Заңды күшейтпей, мұндай озбырлықтың алдын алу қиын», - дейді олар. Педофилдерді ұзақ мерзімге түрмеге жапқанымен, бір күні босатылары белгілі. «Қайта айуандыққа бармасына еш кепіл жоқ», - дейді ашынған аналар.

Гүлдана Қажекенова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Ату жазасын берсін! Ату жазасын! Ондай адамдар өмір сүруге лайықты емес. Осындай жағдай болмауы үшін мықты заң енгізуді талап етеміз! Көп балалы аналар ретінде!  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.