{metadescription}
Басшы мен есепші кәсіпкермен сөз байласып, 6 миллионнан аса пара алмақ болған
Басшы мен есепші кәсіпкермен сөз байласып, 6 миллионнан аса пара алмақ болған

Басшы мен есепші кәсіпкермен сөз байласып, 6 миллионнан аса пара алмақ болған

Алматыда ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен бас есепшісі парамен ұсталды. Күдіктілер қазір тергеу абақтысында жатыр. Оларға «аса ірі көлемде пара алды» деген айып тағылды.

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен бас есепшісі бір кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, одан сыйақы ретінде 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алмақ болған. Осылайша мекеме басшысы бизнесменмен Жамбыл облысында зілтеміршілердің оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасауды жоспарлапты. Алайда олардың қылмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері әшкере етті. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде