{metadescription}
Bek Air билеттерінің құны толық қайтарыла ма?
Bek Air билеттерінің құны толық қайтарыла ма?

Bek Air билеттерінің құны толық қайтарыла ма?

Bek Air билеттерін 31 желтоқсанға дейін қайтару керек. Елорда әуежайында жолаушылар билеттерін қайтара алмай шу шығаруда. Кейбіреулер таңнан бастап жүр. Дәл қазір елордалық тілшіміз Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан тікелей байланысқа шығып, соңғы ақпараттармен бөліседі.

Штабта жағдай қалыпты. Ұшақта болғандардың жақындарына әлі де көмек көрсетілуде. 5-еуі Алматыға ұшып кетті. 12-сіне психологиялық жәрдем берілген.

Ал штаб қасындағы халықаралық әуежайда жағдай мүлдем басқаша. Әуе компаниясының өзге бағыттарына сатып алынған билеттерді жұрт жаппай қайтарып жатыр. Көбі онлайн кассалар арқылы алған екен. Адамдар тіпті ол кассалардың қайда орналасқанын да білмейді. Сондай-ақ, онлайн кассалардан алынған билеттерден айыппұл ұстап қалуы мүмкін.

Компания қызметкерлері жолаушылармен дұрыс сөйлеспей отыр. Кассадағылар олардың мәселесіне басын қатырғысы келмейтін сыңайлы. Егер адамдар билет тапсырғысы келсе, ақшасын тек төмен бағамен қайтарады.

Бірер сағат бұрын  Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі 31 желтоқсанға дейін Bek Air билеттерін қайтару жөнінде ақпар таратты. Алайда атқамінерлер билет құнын толықтай қайтара ма, әлде айыппұлын есептей ме, ол белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде