{metadescription}
Bek Аir-дің пайдалану сертификаты тоқтатылды
Bek Аir-дің пайдалану сертификаты тоқтатылды

Bek Аir-дің пайдалану сертификаты тоқтатылды

Ұшағы апатқа ұшыраған Bek Air компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Апаттың себебі толық анықталғанша, компанияның әуе кемелері көкке көтеріле алмайды. Бұған дейін Bek Air компаниясының тұрағында 7 Fokker-100 әуе кемесі болған. Соның бірі бүгін апатқа ұшырады. Енді қалған ұшақтар тексеріс біткенше, жолаушы тасымалдай алмайды. 

- Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2019 жылдың мамыр айында берілді. Борт 1996 жылдың сәуірінде шығарылған. Қазақстандық тізімге 2016 жылы тамызда қосылды. Қазір еліміздің авиациялық әкімшілігі Bek Аir компаниясының ұшу жарамдылығы мен пайдалану сертификатын тоқтатты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде