{metadescription}
Жұрт өзге әуе компаниялардан билет іздеп сабылуда
Жұрт өзге әуе компаниялардан билет іздеп сабылуда

Жұрт өзге әуе компаниялардан билет іздеп сабылуда

Еліміздегі бүкіл әуежайларда Bek Air әуе компаниясының рейстері барлық бағыт бойынша тоқтатылды. Соның салдарынан діттеген жеріне жете алмай қалған жұрт әуежай кезіп, өзге әуе компаниялардан билет іздеп сабылуда.

Аруын Масақбаев, жолаушы:

- Мына рейспен Алматыға барып, Алматыдан Оралға ұшуым керек еді. Енді билет жоқ. Батыс Қазақстанда Оралда тұратын едім ғой.

- Талабыңыз қандай?

- Енді алып беретін ұшақта орын жоқ қой. «Скатқа» да, «Эйр Астанада» да жоқ. Тым болмаса, 82 мың теңгемді қайтарсын.

Нұр-Сұлтан әуежайында топ-топ болып ағылған жолаушылар таңнан бері билеттің ақшасын қайтара алмай шу шығарып жатыр. Оларға жөн айтып, басу айтқан жан да табылмай тұр. Дәл қазір ақшасын қайтаруды талап еткендерге төмен бағамен ұсынуда. Әсіресе, онлайн арқылы алған жолаушылардың жағдайы түсініксіз. Олардың ақшасы қашан және толық көлемде қайтар-қайтпасын ешкім айта алмай жатыр. Шымкент әуежайында да бүгін үш бірдей рейс тоқтап, жолаушылары жолдан қалды. «Тығыз шаруамыздан қалдық» деген кейбірі кешеуілдетіп болса да чартерлік рейс жалдап, жөнелтуін талап етіп жатқанымен, түк шығып жатқан жоқ. Мұндағы «Бек Эйрдің» қызметкерлері әзірге өздерінде де ешқандай нақты ақпарат жоқ екенін айтып, сабырға шақырумен ғана жүр. Бүгінгі рейстердің тоқталығанын ғана білеміз деген олар нақты қанша адамға билет құнын қайтаруды білмей жатыр.

Болат Байымбетов, компания өкілі:

- Бірақ, бүгінге барлық рейстердің билеттері 100 пайыз қайтарылады. Ақшасы толық қайтарылады. 

- Ал ертеңгісін айтқан жоқ па?

- Әзірге белгісіз.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.