{metadescription}
Ұшақ бортындағы қара жәшік табылды   
Ұшақ бортындағы қара жәшік табылды   

Ұшақ бортындағы қара жәшік табылды   

Ұшақ апатының нақты себебі әлі белгісіз. Төтенше жағдайға қатысты құрылған үкіметтік комиссия әзірге екі болжамды жариялады. Қайғылы жағдайға экипаждың қателігі немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін деп отыр олар. Өйткені әуе кемесі көкке көтерілмес бұрын ұшып-қону жолағына бірнеше рет жанасып, түрлі кедергілерге тап болыпты.

Ұшақ апатынан кейін премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкіметтік комиссия өз жұмысын бастап кетті. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр тексерістің алғашқы нәтижесін жариялады.Оның айтуынша, әуе кемесінің тартқы бөлігі көкке көтерілмес бұрын ұшып-қону жолағына бірнеше рет жанасқан. Сондықтан болжам бойынша, апатқа техникалық ақау немесе ұшақ пилотының қателігі себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері ұшақ бортындағы қара жәшікті тапқан. Бірақ ондағы мәліметтер әзір жарияланбады. Роман Скляр әуе кемесінің не себепті оңға ауып кеткенін «анықтау керек» дейді. Өйткені көкке көтеріле алмай қиналған әуе кемесі бағытын өзгертпесе қайғылы жағдай болмас па еді дейді мамандар.

Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары:

- Бүгін біз ұшып-қону жолағына әуе кемесінің артқы бөлігінің бірізді сипатта екі рет жанасқанын анықтадық. Жолаққа жанасу аралығы 300-400 метр шамасында болды..Ұшақ ұшып кетпек болғанымен оң жаққа ауып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған. Үйде ешкім болмаған. Әуе кемесі соқтығыс салдарынан екіге бөлініп кетті.

Алматы халықаралық әуежайы қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тек Бек Эйр компаниясының 12 рейсі уақытша тоқтатылды. Алдағы уақытта аталмыш компанияға тиесілі барлық ұшақ көкке көтерілмеуі де бек мүмкін. Өйткені, дүйім жұрттың қабырғасын қайыстырған апаттан кейін әуе компаниясы ұшу лизензиясынан айырылуы да мүмкін.

Қазбек Бердіжаппаров, «Bek Air»  әуе компаниясының өкілі:

- Таңғы рейсті уақытымен басталып, уақытымен жіберілді. Кезекшілікте мен болдым. Сол кезде экипаждың жағдайы жақсы болды. Мен өзім ақау ешткеңкені байқамадым. 

Зкт. Қазір Бек Эйр ұшағы көкке көтерілген жолақ жабылды.  Мамандар ұшып-қону жолағының техникалық ахуалын тексеріп жатыр. Әуежай президенті дәл осы жолақтан 3 минут бұрын «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Мәскеуге бағыт алып, бәрі жақсы болған деп отыр. Алматы маңында апатқа ұшыраған Fokker-100 орта қашықтыққа арналған ұшақ. Ол 1980 жылы Голландияның Fokker әуе компаниясында шығарылған. Шамамен 107 жолаушыны тасымалдай алады.

Ал Bek Air әуе компаниясында таңертең құлаған фокер-100 маркасының он шақты ұшағы бар. Олар осы кезге дейін ел ішінде 14 бағытта қатынап келген екен. Қазір апатқа ұшыраған ұшақтың бөлшектері жиналып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.