{metadescription}
Bek Air ұшағында болған шетелдік азаматтар туралы
Bek Air ұшағында болған шетелдік азаматтар туралы

Bek Air ұшағында болған шетелдік азаматтар туралы

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағында украиналық ерлі-зайыптылар болған. Зардап шеккендердің арасында барлығы 4 шетел азаматтары анықталды. Біздің тілшілер Украина консулдығымен байланысқа шықты.

Иван Алмаши, Украина елшілігінің консулы:

- Украина елшілігі Қазақстан елімен бірге аза тұтып отыр. Біздің елшілік Сыртқы істер министрлігіне көңіл айту жедел хатын жөнелтті. Апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде Укранинаның Сон Яна, Сон Юрий есімді азаматтары болған.

Украиналық 28, 29 жастағы ерлі-зайыптылар  Алматы қаласындағы туыстарына қонаққа келген. Консулдың сөзінше, екеуі де омыртқа жарақатын алған, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Апат салдарынан ерлі-зайыптылар құжат, құралдарын жоғалтқан. Қазір Украина елшілігі отандастарына бар көмек көрсетуде.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде