{metadescription}
Дәрігерлер жолаушылардың жаны үшін арпалысып жатыр
Дәрігерлер жолаушылардың жаны үшін арпалысып жатыр

Дәрігерлер жолаушылардың жаны үшін арпалысып жатыр

Әуе апатынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Алматыдағы бірнеше ауруханаға бас-аяғы 51 науқас жеткізілген. Олардың арасында балалар да бар. Қазір қаладағы ең білікті деген дәрігерлердің бәрі басқа жұмыстарын тастап, аяқ-қолы сынып, мертіккен жолаушылардың жанына араша түсуде. Бір ажалдан аман қалып, ауруханаға жеткізілген науқастардың жағдайын КТК тілшісі біліп келді.

Әуе апатынан зардап шеккендердің алғашқы легі 4-ші қалалық ауруханаға жеткізілген. Бұл жерге жедел-жәрдеммен 19 науқасты әкелді. Олардың 11-нің жағдайы «тым ауыр» дейді дәрігерлер. Сондықтан алты азаматқа шұғыл ота жасалған. Ал 8 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке қарай, екі жолаушыны ақ халаттылар ажал аузынан арашалап қала алмады.

Айман Байзолданова, №4 қалалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Таңғы сағат 8 ден бастап жедел жәрдеммен 19 науқас жеткізілді. 11-і жансақтау бөліміне жатқызылды. Екі науқас мерт болды.

Жалпы жараланғандар саны 51 адам. Олардың 7-уі жас балалар. Ал ең кішкентай жолаушы небәрі төрт айлық. Басына зақым келген бейкүнә сәби балалар ауруханасында жатыр. Таң атқалы ауруханада азан-қазан. Жақындарын іздеп, сары уайымға салынған жұрт ағылып келіп жатыр. Оларға медициналық және психологиялық көмек көрсететін штаб та құрылды.

Алғашында ауруханаға түскен кей науқастардың өзімен бірге құжаты болмаған. Сондықтан кейбірулер жараланғандар тізімінен туыстарының аты-жөнін таба алмай әбден әбігерге түсті.

Бірақ түс ауа барлық науқастың аты-жөні анықталды. Аурухана төсегіне таңылғандардың барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тіпті қаладағы ең білікті деген дәрігерлердің бәрі бар жұмысын тастап, өлім мен өмірдің арасында жатқан науқастардың өміріне араша түсуде.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.