{metadescription}
Президент Алматы әуежайына жақын жеке құрылыстарды зерттеуді тапсырды
Президент Алматы әуежайына жақын жеке құрылыстарды зерттеуді тапсырды

Президент Алматы әуежайына жақын жеке құрылыстарды зерттеуді тапсырды

Қазақстандағы әуе компанияларының барлығы тыңғылықты тексеріледі. Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.  

Ақордадағы шұғыл жиын қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан соң, Президент қауіпсіздік мәселелерін ретке келтіруді тапсырды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандары тексерілуі керек.  Тоқаев Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтап, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тартуды міндеттеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бұл өте ауыр жағдай. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан зардап шеккендер және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына, зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіледі. Бұл мәселемен Үкімет айналысады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде