{metadescription}
Bek Air лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын алмай келген
Bek Air лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын алмай келген

Bek Air лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын алмай келген

Bek Air әртүрлі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатынан бас тартуға тырысып келген. Алайда қанша қысым көрсе де, салаға жауапты министрлік компанияның ісіне міз бақпапты.

Әңгіменің әлқисасына келсек, Bek Air компаниясы Қазақстаннан өзге елдерге де ұшуға талпыныпты. Тіпті, қауіпсіздік туралы халықаралық сертификатты алып тастауды өтініп те келген. Ал кез келген ішкі және сыртқы әуе тасымалымен айналысатындар мұндай сертификатты алуға міндетті. Бірақ Bek Air ішкі тасымалды желеулетіп, жасамауға әрекет еткен. Депутаттар мен шенеуніктердің өзі әуе компаниясын қолдап, сертификат алмауға көмектескен көрінеді. Арасында табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің мамандары да бар. Ал сертификат негізінен сақтандыру шаралары үшін қажет. Енді осы лоббиге қатысы барлар жазасын алады, - деді бүгін вице-премьер Роман Скляр.  

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Мен ешкім де ешқашан бірбірін қорғап, сөзін сөйлемейді деп сендіргім келеді. Өйткені кеткен кемшілік көп, халықаралық әуе рейстеріне шығуды жоспарлаған Bek Air компаниясы әртүрлі деңгейдегі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын осы жылдар бойы алмай келген. Бірақ министрлік өрескел заң бұзушылықтарға барған жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде