{metadescription}
Оқыс оқиға! Атыраулық баланың қоштасу сөзі жұрттың жүрегін елжіретті
Оқыс оқиға! Атыраулық баланың қоштасу сөзі жұрттың жүрегін елжіретті

Оқыс оқиға! Атыраулық баланың қоштасу сөзі жұрттың жүрегін елжіретті

Атырауда суға кете жаздаған үш баланың жағдайы қалыпты. Суық тиген балалар бірер күнде үйіне қайтарылуы мүмкін. Оқыс жағдай бүкіл өңірді дүрліктірді. Себебі, балалардың бірі суға батып кетті. Ал оның достарын полицейлер әзер дегенде жағаға шығарған. Қайғылы жағдай қалай болды, мектеп оқушылары қалай құтқарылды?

Қас қарая төрт бала Жайық өзеніне келген. 11-15 жастағы оқушылар мұзға сырғанамақ болыпты. Алайда жұқа мұз ауыр салмақты көтере алмай, қақ айырылады. Төртеуі де су астына кеткен. Мәліметтерге сүйенсек, 11 жастағы бала жағаға жүзіп шығып, полицейлерге хабар берген. Жақын маңда жүрген екі тәртіп сақшысы шұғыл жетіп, қалың тұманнан суға тұншыққандарды әзер тауып құтқарыпты.

Жеткіншектің бірінің айтқан қоштасу сөзі мұқым елдің жүрегін елжіретті. Өзінен бұрын полицейдің өміріне алаңдап, анасына балалық махаббатын білдіруі көптің көңілін босатты. Бұл бала құтқарылды. «Көрер жарығы бар» деп осындайда айтылса керек. Сөйтіп екі бала дін аман. Ал 15 жастағы жасөспірім суға кетті. Оның денесі тек бір күнен кейін табылды.

Асхат Ержанов, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жайықтың жағалауында, батқан жерден табылды. Ағайынтумалары, полиция қызметкерлері келіп, баланың мүрдесі табысталды.

Ауруханаға үш бала да жеткізілген. Екеуі ес-түссіз болыпты. Олар төрт сағатта әзер есін жиды. Ал қазір дәрігерлер науқастардың өміріне төнген қауіп жоқ дейді.

Мүбәрәк Сәрсенов, Атырау облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Қазір балалардың жағдайы келген күнге қарағанда әлдеқайда жақсы. Жағдайы бірқалыпты болса, бірекі күнде үйіне шығарамыз. Қазір өздері тұрып жүреді. Ұйқысы, тамақ ішуі, жүріс-тұрыс бір қалыпты.

Екі баланың ата-анасы ұлына екінші өмір сыйлаған тәртіп сақшыларына алғыс айтады. Олар болмағанда, перзенттері суға батып кетуі мүмкін еді дейді. Ал төтеншеліктер қайғылы жағдай болмас үшін, өзен-көлдің жағасында сақтық шарасын сақтауды ескертеді.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде