{metadescription}
Белгісіз дерт жайлаған Қытай еліне баруға сақ болыңыз
Белгісіз дерт жайлаған Қытай еліне баруға сақ болыңыз

Белгісіз дерт жайлаған Қытай еліне баруға сақ болыңыз

Қытайды белгісіз дерт жайлады. Мұндағы дәрігерлер 60-қа жуық адамның нендей кеселге шалдыққанын біле алмай жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның санитар-дәрігерлері де Қытайға баратын азаматтарымызды сақ болуға шақырып отыр.

Людмила Бюрабекова, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы: 

- Инфекцияның шығу тегі әлі анықталмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай үкіметімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Әзірге ол вирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген. Болжам бойынша, кеселдің теңіз өнімдерінен келуі әбден мүмкін.

Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында осы күнге дейін шығу тегі белгісіз қабыну дертінің 59 жағдайы тіркеліпті. Жеті адамның жағдайы нашар. Қауіпті вирусты жұқтырғандармен байланыста болған 170-ке жуық адам бақылауға алынған. Барлығы Қытай азаматтары.

Еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады.

Хубэй провинциясына Қазақстаннан тікелей әуе бағыттары қатынамайды.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде