{metadescription}
Әуе апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы қалай?
Әуе апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы қалай?

Әуе апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы қалай?

27 желтоқсанда әуе апатынан зардап шеккендер Нұр-Сұлтанға шұғыл жеткізілген. Олар елордадағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында жатыр. Әртүрлі уақытта ауруханаға түскен науқастардың жағдайы тұрақты.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Алматыда болған ұшақ апатына байланысты барлық науқас Алматы және НұрСұлтан қалаларындағы емдеу мекемелеріне жеткізілді. Барлық қажетті ем-дом шаралары көрсетілді. Елордаға науқастарды әкелудегі себеп – кейбір диагноздарды емдеу бойынша дәрігерлер кеңесінде шешім қабылданды. Сөйтіп олар авиация қызметі арқылы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді.

Ұшақ апатынан кейін дәрігерлер жапа шеккен үш адамды санитарлық авиация арқылы астанаға жеткізу туралы шешім қабылдаған. Өйткені оларға күрделі операциялар жасау қажет болыпты. Бір жағынан, барлығы да бас қала тұрғындары. Бүгінде науқастарға барынша көмек көрсетілуде. Бірер күннен соң олар үйлеріне шығарылуы мүмкін.

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан және Алматының медициналық ұйымдарында әуе апатынан зардап шеккен 24 науқас, оның ішінде 3 бала бар. Алматыда қалғандарының да жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер.

Әсел Бисенбаева, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

- Қазір стационарда 21 адам ем алып жатыр. 48 науқастың жағдайы орташа, қанағаттанарлық деуге болады. Жан сақтау бөлімінде ешкім қалмады. Жақын арада жағдайларына қарай біразын үйіне шығарамыз. Олар амбулаториялық бақылауда болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде