{metadescription}
Қарағандыда жаңажылдық шыршалардың қызығын хайуанаттар көріп жатыр
Қарағандыда жаңажылдық шыршалардың қызығын хайуанаттар көріп жатыр

Қарағандыда жаңажылдық шыршалардың қызығын хайуанаттар көріп жатыр

Қарағандалықтардың жаңа жылдық шыршалары кәдеге жарауда. Қала тұрғындары мейрамды тойлауға алған қылқан жапырақты ағаштарды хайуанаттар бағына өткізіп жатыр.

Жасыл желектің қызығын енді жан-жануарлар көретін болды. Бүгінге дейін мұнда 300-ден аса ағаш әкелінген. Бақтағылар соңғы бірнеше жылда бұл «жақсы үрдіске айналды» дейді. Әйтпесе осыған дейін мерекеден соң қажетсіз болатын шыршалар қаладағы қоқыстың қатарын молайтатын. Ал аң-құсқа қақаған аязда жасыл ағаш та қуаныш. Біріне азық болса, екіншілеріне – төсеніш, қонжықтар тіпті ойыншық қылып ойнайды екен. Ескі жаңа жылды тойлағаннан кейін де мұнда шыршалардың тағы бір легі жеткізіледі.

Ербол Байжанов, биолог:

- Бізге бұл өте пайдалы, шыршалардың жауарлардың астына төсеніш ретінде қоямыз. Жаңаден келген заттарға жануарлар әрқашан қуанады, ойнайды, оның сыртқы қабығын алады. Айтып кететін тағы бір мәселе, шыршаларды тазартып алып келсе деп ойлаймыз. Өйткені олар шыршаны жаңа жылдық безендірілген мишуралармен алып келеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде