{metadescription}
Әйелімен ұрсысқан ер адам биіктен секіріп өлмек болды – Талдықорған
Әйелімен ұрсысқан ер адам биіктен секіріп өлмек болды – Талдықорған

Әйелімен ұрсысқан ер адам биіктен секіріп өлмек болды – Талдықорған

Талдықорғанда жап-жас жігіт биіктен секіріп өлмек болды! 16 қабатты үйдің төбесіне шығып, төмен құлағалы жатқан жерінен оны тәртіп сақшылары ұстап қалды.

- Шетінде отыр, шетінде, мүмкіндік жоқ, екі жақтан баруға...

16 қабатты үйдің шатырының қиыр шетінде тұрған жігітті бірінші боп маңайдағы адамдар көріп қалған. Олар дереу полицияға хабар беріпті. Ғимараттың құрылысы әлі бітпеген екен. Сол себепті тәртіп сақшыларына жоғарыға жаяу көтерілуге тура келді. Дегенмен жігітті құтқарып үлгерді. Шиеттей баласы бар 24 жастағы Талдықорған тұрғыны әйелімен ұрсысып, сондықтан осындай қадамға барған. Оны секіргелі жатқан жерінен ұстап қалған тәртіп сақшылары отбасымен татуластырып, үйіне қайтарды.

Серік Үпиев, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

- Отбасылық жағдайына қатысты талаптары тыңдалды. Сол жерге жігіттің жақындары шақырылып, оның қауіпсіз жерге жеткізу қамтамасыз етілді. Азаматпен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіп, үйіне жіберді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.