{metadescription}
Оралда қымбат джипті балыққа толтырған браконьер ұсталды
Оралда қымбат джипті балыққа толтырған браконьер ұсталды

Оралда қымбат джипті балыққа толтырған браконьер ұсталды

Орал қаласында «Лексуспен» балық тасып жүрген браконьер ұсталды. Қымбат джипті аузы-мұрнына дейін балықпен толтырған азамат кезекті «Браконьер» іс-шарасы кезінде қолға түсіп отыр.

Күдікті көлікті полицейлер Орал қаласына кіреберісте таңғы сағат бес жарымда тоқтатады. Салонды сазанға толтырған 33 жастағы азамат тиісті құжат көрсете алмақ түгілі, түсіндіре де алмапты. Көлік жүргізушісінің бар айтқаны: тоннадан астам балықты көршілес Атыраудан әкеле жатыр екен. Сазан, жайын мен мөңке балықтар сараптамаға жіберілді. Ал көлігі айып тұрағына жөнелтілген жүргізушінің өзіне қатысты бір баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.

Еламан Уәлиев, БҚО табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы:

- Балықтар дәлел ретінде қазір уақытша тоңазытқышқа тапсырылды. Балықтың тамаққа пайдалы, пайдалы емесін, қолдануға болатынболмайтынын сараптама шешеді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде