{metadescription}
Маңғыстауда гранатадан жарымжан болған сарбазға айып тағылды
Маңғыстауда гранатадан жарымжан болған сарбазға айып тағылды

Маңғыстауда гранатадан жарымжан болған сарбазға айып тағылды

Маңғыстау облысында граната жарылысынан жарымжан болған сарбазға қатысты сот Ақтөбеде басталды. Осыдан жарты жыл бұрын Бейнеудегі әскери полигонда граната жарылып, Сергей Кошелев қолы мен көзінен айрылған еді. Енді қару қолданадарда «қауіпсіздікті сақтамады» деп жауынгердің өзін айыптап жатыр. Сотталушы бұл айыппен мүлдем келіспейді.  

Сергей Кошелев, сотталушы:

- Мен министрліктен, қарулы күштерден ештеңе нақты талап етіп отырған жоқпын. Тек өзімді ақтау. Қауіпсіздік ережелерді маған жеткізген жоқ. Сақтаған жоқ. Маған ешкім ештеңе айтқан жоқ.  

Сотталушылардың қатарында Сергейден бөлек, №99-116 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Ринат Қалиев пен капитан Хасен Әбдушақымов бар. Олар отызға жуық адамды куәлікке шақыруды сұрады. Дегенмен сот процесіне барлығын бірдей келтіру мүмкін болмайтын сияқты. Себебі, жарылыс болғанын көрген сарбаздардың көбісі Отан алдындағы борышын өтеп, үйіне қайтып кеткен.

Айта кетелік, Сергей Кошелев оқу-жаттығу кезінде гранатының бірін қолына алып, шығыршығын тартып қалған. Жарылыстан жұдырығы жұлынып, бір көзі ағып кетті. Ол қаруды ойыншық макет болар деп ойлаған. Жарты жыл бойы жарымжан ұлының қасында жүрген анасы баласының Отан қорғауға барып, сотталушы атанғанына ашынып отыр.

Балапан Көшерқызы, Сергей Кошелевтің анасы:

- Он екі мүшесі сау баламды жіберіп, екі мүшесінен айрылып қалды. Мен Қарулы күштерінен бір тиын ақша талап етпегенде, ол кісілер менен 6 миллион жүз тоғыз мыңды, оның үстіне 2 жыл шартты мерзім беріп отыр. Осы әділдік пе? Аналық сезіммен, осы соттан баламды ақтауды ғана тілеймін.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде