{metadescription}
Елордада халықаралық әуежай маңайында автобус өртенді
Елордада халықаралық әуежай маңайында автобус өртенді

Елордада халықаралық әуежай маңайында автобус өртенді

Елордада таң атпай жолаушылар автобусы өртенді. Халықаралық әуежай маңайында тұрған қоғамдық көліктің артқы жағында алдымен түтін шығып, кейін өртке ұласқан.

Әлеуметтік желілерде тараған  видеода, нөмірі 12-ші автобустың артқы бөлігі қып-қызыл от құшағына енген. Оқиға сағат таңғы тоғыз шамасында болыпты. Қоғамдық көліктің жүргізушісі алдымен бірдеңе атылғандай дыбыс естиді. Осыдан кейін автобуста өрт лап етіп өртенген. Жүргізуші қызыл жалынды өзі ауыздамақ болғанымен, күші жетпепті. Содан кейін ғана өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.

Науат Азанбаева, «Астана LRT» қоғаммен байланыс департаментінің директоры: 

Автобус қазір әуежай аумағында тұр. Ол жерде тергеу жүріп жатыр. Арнайы зертхана да барды. Сараптама қорытындысын шығарғаннан кейін түйін жасалады. Автобус техникалық байқаудан өткен, қолданысқа толық жарамды. Біздің ойымызша, онда электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде