{metadescription}
Орал әуежайында жолаушылар бірнеше күн бойы діттеген жеріне жете алмай отыр
Орал әуежайында жолаушылар бірнеше күн бойы діттеген жеріне жете алмай отыр

Орал әуежайында жолаушылар бірнеше күн бойы діттеген жеріне жете алмай отыр

Орал әуежайындағылар әбігерге түсті. Олар бірнеше күннен бері ұшақ ұшыра алмай және қабылдай алмай отыр. Соның салдарынан жүздеген жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Бұған әуежайдың ұшақ ұшатын жолағындағы қалың қар кедергі. Оның қашан тазаланатыны да белгісіз. Өйткені әуежайда арнайы қар күрейтін техника жоқ көрінеді. Ал әуежай басшылары бұған ауа райының қолайсыздығы себеп деп отыр. Сабылған жұрт не істерін білмей әлек.

Жаңа жыл басталғалы Оралдағы әуежайда дүрбелең болып жатыр. Бірнеше күннен бері ұшақтар ұша алмай, жолаушылар жолынан қалып қойған. Кейбірі нақты себебін біле алмағай, ұшудан үмітті болып, әуежайды әлі де жағалап жүр.

- Халықаралық әуежай қайдан болады, тіпті ішкі рейстерді жүзеге асыра алмай отырса?!

Құралай Бейсеғалиева үш күннен бері бала-шағасымен Алматыға жета алмай отыр. Алғашында кейінге шегеріп, содан соң мүлдем рейсін тоқтатып тастапты. Ал мұндай жағдайдың бірнеше рет болғанын айтқан ол, бір апта бұрын да Алматыдан келе жатқанда әуежай ұшақ қонуға қолайсыз болып, жарты жолда, яғни «Атырауда қалдырып кетті» дейді. 

Құралай Ғайсағалиева, жолаушы:

- Алматы қаласынан Орал қаласына 1ші қаңтар күні кешкісін ұшып шықтық. Кейін бізге командир хабар берді. Оралға қона алмаймыз деді. Атырауға отыруға мәжбүр болдық. Содан Атыраудан 100 шақты кісі қалып, таксимен Оралға дейін өз мүмкіндігінше жетті. Әуежайдан да ешқандай кешірім болған жоқ. 

Ал Ершат Ғайсағалиев бірнеше күннен бері жанұясын Алматыда күтіп отыр. Ол әуежай қызметкерлерінің еш әрекет жасамай жатқанына қапалы. Сондай-ақ, ауа райы мен әуежайдағы олқылық кесірінен шаш етектен шығынға батқанын айтады.

Ершат Ғайсағалиев:

- Үш-төрт ай бұрын жоспарлаған жоспарым әуежайдың уақтылы жол тазаламауынан орындалмады. Мен уақытында қалаға келе алмадым. Кешіктім. Баратын жерлеріме бара алмай қалдым. Шығындалдым. Өз ақшама такси жалдадым. Жанұяммен қыста көлікпен жүру қиын ғой. Үлкен бір әбігерге түсірді.

Жолаушылардың қатты алаңдауына соңғы уақытта болған ұшақ апаттары себеп екен. Әуежайларда арнайы техникалардың жоқтығы мен ұшып-қону жолақтарының сапасыздығы «апатқа әкеп соғады» дейді олар. Ал әуежай әкімшілігі барлық техниканың бар екенін айтып, жауап беруден жалтарды. Олар бұл жағдай «ауа райының қолайсыздығынан» дегенді ғана айтты. Сондай-ақ, бүгін өздерінің үш рейсті жіберіп, ауа райы құбылмаса, тағы үш рейсті қабылдайтынын мәлімдеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.