{metadescription}
Бүлдіршінді комаға түсірген тіс емханасының талапқа сай келмейтін тұстары анықталды
Бүлдіршінді комаға түсірген тіс емханасының талапқа сай келмейтін тұстары анықталды

Бүлдіршінді комаға түсірген тіс емханасының талапқа сай келмейтін тұстары анықталды

Екі жарым жастағы бүлдіршінді комаға түсірген тіс емханасында тексеру аяқталды. Жекеменшік емхананың сертификат мерзімі өтіп кетіпті. Одан басқа да талапқа сай келмейтін тұстары шаш етектен дейді мамандар.

Лаура Ахметниязова, Медициналық қызметтер көрсетуді бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы: 

- Тіс емханасының дәрігері мен иесін клиникалық ісәрекеттерге рұқсат беретін сертификаттың мерзімі өтіп кетуіне байланысты жауапкершілікке тартамыз. Қалған құжаттар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Тіс емханасындағы дәрілік заттарды сақтау талаптары бұзылған, яғни арнайы температураны, ылғалдылықты сақтайтын жабдық болмай шыққан. Комиссия емхананың жұмысын тоқтатуды талап ететін құжаттарды сотқа жіберілмек. Оның үстіне 2018 және 2019 жылдары да дәл осы емдеу мекемесі анестезиолог-реанимотологтың жұмыс стандарттары сақталмағаны екі рет анықталыпты.

Естеріңізге салсақ, 26-шы желтоқсанда екі жастан асқан қыз бала елордадағы жеке тіс дәрігеріне ем-домға барып, комаға түскен еді. Балақай әлі есін жимаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде