{metadescription}
Күрт көтерілген Ертіс суы семейліктерге қауіп төндірді
Күрт көтерілген Ертіс суы семейліктерге қауіп төндірді

Күрт көтерілген Ертіс суы семейліктерге қауіп төндірді

Семейге Қара Ертістен қауіп төнді. Қазір өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Енді соның салдарынан шаһардың төрт бірдей ықшамауданын қақаған қыста су басып қалуы мүмкін.

Қауіп төнген аумақтардың қатарына Шығыс, Мирный, Бейбітшілік және Пристань кенттері еніп отыр. Өйткені Ертіс өзеніндегі судың деңгейі 478 сантиметрге көтеріліп кеткен. Ал бұл қалыпты жағдайдан әлдеқайда жоғары. Құтқарушылар қауіпті аймақтағы 254 баспананы бақылауға алыпты. Әйтсе де, қала басшылығы тұрғындардың өзі де сақ болуы керек дейді.

Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:

-Тасқынға қарсы тұруға тас түйін  дайынбыз. Ертіс өзеніндегі су деңгейін қадағалап отыруға күнітүні кезекшілік ұйымдастырылады. Өкінішке қарай, қыс болғандықтан өзендегі мұзды жару жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Ол қауіпті еселеп жіберуі мүмкін. Сондықтан қажетті техниканы әзірлеп, 760 адамға ескерту жасадық.

Кеше

21 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде