{metadescription}
Комадағы қыз. Жеке медициналық мекемелер бақылауға алына ма?
Комадағы қыз. Жеке медициналық мекемелер бақылауға алына ма?

Комадағы қыз. Жеке медициналық мекемелер бақылауға алына ма?

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерді кез келген уақытта тексеру құқығына ие болғысы келеді. Елді дүрліктірген жеке емханадағы жағдайдан кейін мемлекеттің мұндай ұйымдарды бақылауға алу туралы мәселе тағы да көтерілді. Ал тіс дәрігерінің салғырттығынан комаға түскен  екі жарым жасар қыз әлі оянған жоқ. Баланы емдеген мекеме  жұмысын жалғастырып жатыр.

Жеке емханаларды тексеруді Денсаулық сақтау министрлігіне беру мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бұған себеп те жоқ емес. Елордада болған жанжалдан кейін өткір мәселе тағы да өзектілігін жоймады. Жеке тіс дәрігеріне ем-дом қабылдауға барған  екі жарым жасар Алиса әлі өлім аузында жатыр. Ал стоматологиялық емхана өз  жұмысын  жалғастырып жатыр.

Берік Шәріп, «СК-фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы:

- Қыз баланың жағдайы өзгеріссіз.  Құжаттардың барлығы қазір ішкі істер департаментіне жеткізілді. Тергеу олардың құзырында.

Кішкентай сәбидің мұндай шарасыз күйге түсуіне кім немесе не кінәлі екені әлі белгісіз. Арнайы комиссия тіс емханасының сертификатының мерзімі өткенін, дәрілік заттарды сақтау талабының бұзылғанын анықтап берді. Бірақ министрлік тарапынан ешқандай әрекет жасалмады. Неге? Өйткені елдегі медициналық мекемелер шағын және орта бизнеске жатады. Ал елімізде  оны тексеруге үш жылға заңмен тыйым салынған. Елорданың бұрынғы бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов кәсіпкерлердің қандай айлаға баратынын жайып салды.

Сәдуақас Байғабылов, сарапшы:

Мәселен, тіркелген емдеу мекемесі үш жылға мораторий бар екенін біледі. Ол екі жарым жылдан кейін қайта тіркеуден өтеді. Сөйтіп мораторийге ілігеді. Бұрын тексеруші органдар арнайы қаулымен заң бұзушылықтар болғанда, жұмысын тоқтата алатын. Ал қазір оны тек сот шешеді. Нәтижесінде стоматологиялық емханаларда талаптар сақталмаса да, ол өзінің жұмысын жалғастыра береді.

Демек, Қазақстанда көкөніс сататын базарлар мен мейрамханалар сияқты емдеу мекемелері жиі тексерілмейді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды жаңа кодекс арқылы өзгертуге күш салуда. Егер Парламент қолдаса, жауапты орган жарты жылдан кейін тексеріске өзі білек сыбана кірісуі мүмкін.

Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызмет көрсету сапасын бақылау комитетінің төрайымы:

- Халықтың денсаулығы туралы жаңа кодексте әсіресе перзентханаларды тексерудің ерекше тәртібі қарастырылады. Сонымен бірге, біз әрі қарай барлық денсаулық сақтау ұйымдарын ерекше түрде тексеру туралы бастаманы көтеруді жалғастыратын боламыз. Қазір оның аясы тар.

Даурықпа әңгімелер мен адам шошырлық жағдайлардан басы арылмайтын денсаулық сақтау саласындағыларға бұл кодекстің маңызы зор. Төменгі палата депутаттарының қарауында жатқан құжат талқыға түскеннен кейін ғана оның мазмұны қандай боларын уақыт еншісіне қалдырамыз. Ал министрлік қолдағы бар заңнамамен түйткілді мәселелерді әрі қарай шеше бермек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде