{metadescription}
Ұшақ апатынан ауруханаға түскендердің бүгінгі ахуалы қалай?
Ұшақ апатынан ауруханаға түскендердің бүгінгі ахуалы қалай?

Ұшақ апатынан ауруханаға түскендердің бүгінгі ахуалы қалай?

Алматы маңындағы әуе апатынан зардап шеккендер біртіндеп үйіне шыға бастады. Тоғыз жолаушы әлі ауруханада ем алуда. Олардың бесеуі Алматыда, үш науқас Нұр-Сұлтан қаласында, тағы бір жолаушы Алматы облыстық ауруханасында жатыр.

Әсел Бейсенбаева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Алматыдан  төрт  науқас НұрСұлтан қаласына жеткізілді. Сол қаланың тұрғыны болғандықтан осындай шешім қабылдадық. Ал Алматыдағы емделушілердің денсаулығы орташа деңгейде. Ұшқыш та әлі ауруханада жатыр. Денсаулығы жақсарса, бірден үйіне шығарамыз.  

Зардап шеккендердің барлығының да «денсаулығы тұрақты» дейді дәрігерлер. Ал жаңа жылдан бері жарақаты жазылып беті бері қараған 6 науқас отбасыларымен қауышқан.

27-ші желтоқсан күні болған әуе апатынан 69 адам жедел ауруханаға жеткізілген. Олардың 9-ы жас балалар. Кішкентай науқастардың бәрі тиісті ем-домын алып, аман-есен ата-анасымен қауышты. Ал аяқ-қолы сынған жолаушыларға шұғыл ота жасалған. Жеңіл жарақаттанғандар дәрігер  бақылауынан кейін бірден үйіне қайтарылды.  Апатқа ұшыраған «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағында барлығы 98 жолаушы болған. Олардың 12-і қаза тапты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.