{metadescription}
Гоа, Филиппинге демалысқа кеткен жерлестеріміз  елге жете алмай отыр
Гоа, Филиппинге демалысқа кеткен жерлестеріміз  елге жете алмай отыр

Гоа, Филиппинге демалысқа кеткен жерлестеріміз елге жете алмай отыр

Гоаға демалуға кеткен бір топ турист елге қайта алмай жүр. Себебі – рейстің кешігуі. Sunday Airlines әуе компаниясы мәліметіне қарағанда, ұшақта кінәрәт жоқ. Ал ұшу уақытының кейінге шегерілуі өндірістік қажеттілік екен. 

Рейсті кейінге қалдыруды компания алдын ала жоспарлап та қойған. Ол туралы туристік агенттіктерге хабарлағанын да айтады. Бірақ неге екені белгісіз, рейстің кейінге қалғанын туристер әуежайда бір-ақ естіген. Енді бүгін түнге ұшып шығуы тиіс ұшақ ертең кешке елге қайтады. Қазір оларды қонақ үйге қайта жайғастыру мәселесі шешіліп жатыр. Филиппинге демалысқа кеткен жерлестеріміз де бірнеше тәуліктен бері елге жете алмай отыр. Олардың жолын екі күн бұрын атқылай бастаған Тааль жанартауы бөгеді. Атап айтқанда, аталмыш табиғи құбылыстың салдарынан жүздеген рейс белгісіз уақытқа тоқтап тұр.  

Айбек Смадияров, СІМ ресми өкілі:

- Филиппинде атылған вулканның нәтижесінде Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Қазір тек тек екі турист байланысқа шығып, өздерінің Манила қаласынан ұшып кете алмайтындарын жеткізді. Біздің мәліметке сәйкес, олар  әуе билетін ауыстырып, 15ші қаңтарда басқа қалаға ұшып шығуын жоспарлап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде