{metadescription}
Православ мерекесіне орай ескерту: Биыл мұз қалың емес
Православ мерекесіне орай ескерту: Биыл мұз қалың емес

Православ мерекесіне орай ескерту: Биыл мұз қалың емес

Оралда құтқарушылар православ мерекесіне орай суға түсу рәсіміндегі сақтық сақтау қажеттігін жеткізді. Өйткені қаңтардың ортасы болса да, аймаққа әлі қатты аяз келмеген. Сондықтан ойықтағы суға шомылатындарға мамандар биыл мұздың аса қалың еместігін айтып, жылымға түсіп кетпеуді ескертті.

Жасұлан Жұмашев, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Крещение Господня күніне жылда дейтін аяз 18і, 17-лерінен бастап ауа райы салқындайтын, минус 30-ға дейін түсетін. Биыл ондай болмай тұр.  Шомылу орындарында азаматтық қорғау органдарының және Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырып отырмыз. Сонымен қатар еріктілер де жұмылдырылады.

Қазір Оралда ауа температурасы 2-3 градусқа ғана нөлден төмен. Былтыр өзендердегі мұз қалындығы 40 сантиметрге дейін жеткен болса, биыл ол 10-20 сантиметрден аспайды. Осының өзінен-ақ мұз ойығындағы суға түсу рәсімінің аса қауіпті екенін аңғартады. Алайда "Шешінген судан тайынбас" деген қағиданы ұстанғандар ескертуді елемейді. Осыған байланысты мамандар мұзды нығайтып, қоршаулар орнатып, өткелдер салып жатыр. Сондай-ақ, суға түсу оқыс оқиғасыз өтуін қадағалауға 100-ге жуық құтқарушыны жұмылдырмақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде