{metadescription}
Мамандар: Әр бесінші оқушы психологиялық қысымға ұшыраған
Мамандар: Әр бесінші оқушы психологиялық қысымға ұшыраған

Мамандар: Әр бесінші оқушы психологиялық қысымға ұшыраған

Еліміздегі әрбір бесінші оқушы психологиялық қысымға ұшыраған. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары осындай статистиканы жариялады. Бірақ бұл 2018 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижесі.

Шынар Әбдірахманова, ҚР ДСМ  Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының маманы:

- Бұл зерттеуге 57-9 сыныптың оқушыларын таңдап алдық. Олардың өтпелі кезеңдегі мінез-құлқына қатысты түрлі сұрақ көп. Жасырын сауалнамада көбі қатарластарына күш көрсететін мойындады. Мысалы, 11-15 жастағы жасөспірімдердің 17 пайызы айына бір рет қорлық көргенін айтты.

Ұлттық зерттеуге еліміздің түкпір-түкпіріндегі 6 мыңнан аса оқушы қатысқан. Жасөспірімдердің көбі қатарластарынан психологиялық қысым жиі жасалатынын айтса, кейбірі сыныптастарына қорлық көрсеткенін жасырмапты. Психологтар зерттеуге «ұрып-соғуды қоспадық» дейді. Ауылдық жерге қарағанда қаладағы оқушылардың мінез-құлқында «қатыгездік басым» деген тұжырым жасалып отыр. Оған қоса, қалалық жерде кибербуллинг кең таралған. Яғни, ғаламтор арқылы қатарласының суретін жариялап мазақ ету. Балалар психологының пікірінше, ғылым тіліндегі «буллингтің» үлкен өмірге тікелей қатысы бар. Қорланған бала өзіне сенімсіз болып өседі, кейде өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды.

Маргарита Өскенбаева, балалар психологы:

- Бір-біріне қысым көрсеткен кезде олар өз үйінде, отбасында көрген қылықтары көрінеді.  Жәбірленуші балаға міндетті түрде көмек көрсетілуі керек. Психологиялық тұрғыдан. Екіншіден, не жағдай болып жатқанын ата-анасы білуі керек. Өйткені көбінесе ата-аналар мұны білмеуі де мүмкін. Өйткені бала үйінде айтпайды. Ұялады немесе қорқады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.