{metadescription}
Шортандыда үлгілі шаруа қожалығы жұмысшыларына зейнетақы аударымын жасамаған – Ақмола облысы
Шортандыда үлгілі шаруа қожалығы жұмысшыларына зейнетақы аударымын жасамаған – Ақмола облысы

Шортандыда үлгілі шаруа қожалығы жұмысшыларына зейнетақы аударымын жасамаған – Ақмола облысы

Бейнетінің зейнетін сұрайды! Ақмола облысының Шортанды ауданында 70-ке тарта жұмысшысына жергілікті ферма басшысы бір жылда бір тиын да зейнетақы аударымын жасамаған. Жұмысшылар оны Халыққа қызмет көрсету орталығына анықтама алуға барғанда кездейсоқ біліпті. Ал кәсіпкердің зейнетақы аударымы тұрмақ, жалақы тауып беруге шамасы жетпей отыр. Жұмысшылардың жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

Фермада ұзын саны 70 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің сөзінше, айлығы шайлығынан артылмайтын көрінеді. Белгілі болғандай, 2019 жылдың ақпан айынан бері зейнетақы аударымдары мүлдем жасалмаған.

Александр Митрофанов фермада сонау 86-шы жылдан бері шошқа бағып жүрген көне көздердің бірі. Қолқаны қабатын мүңкіген иістің ортасында жұмыс істеу қиынның қиыны. Сол бейнеттің бәріне шыдап, биыл зейнетке шыққан беті екен. Енді бейнеттің берекесін көрем бе деген шағында бір жылдай зейнетақы аударымы жасалмағанын біліп қапаланып отыр.

Александр Метрофанов, жұмысшы:

- Зейнетақы аударым бір жылдай жасалмағаны жөнінде Халыққа қызмет көрсету орталығынан өзіміз білдік. Әйтпесе, ешкім ескертіп те айтпады. Еңбек өтілім бақандай бір жылға кеміп отыр.

Мұнда соңғы бес жылда жалақы да мүлдем көтерілмепті. Барлығы 30-40 мың теңгенің айналасындағы табысын талқажау етіп жүрген жандар. Демалыс күндеріне қосымша ақы төлеу деген атымен жоқ.

Александр Ницеевич, жұмысшы:

- Келісімшартпен еңбекақымызды әр айдың 10-на дейін төлеуі қажет. Алайда үнемі кешіктіреді. Демалыссыз жұмыс істегеніме қосымша ақы қарастырылмаған. Жалақым 30 мың теңге.

Ал кәсіпкердің өзі жағдайдың мүшкіл екенін айтады. Зейнетақы аударымын жасамағаны былай тұрсын, осы айда қызметкерлеріне «жалақы тауып бере алмаймын» деп отыр.

 

- Осы айда оларға жалақы төлемеймін. Зейнетақысын төлеймін. Өйткені екеуін де төлеуге ешқандай мүмкіндігім жоқ.

Бұл жағдайдан бейхабар аудан әкімдігі тап қасында не болып жатқанын білмейді. Керісінше, жұмысшыларын зар қақсатып жүрген ферманы үлгілі кәсіпорындардың қатарына кіргізіп қойыпты.

Гүлмира Коркотко, Шортанды аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Бұл шаруа қожалығы тәптәуір жұмыс істеп жатыр. Ешқандай шағым болмаған. Аударымдар жасалмады дегенді сізден бірінші рет естіп отырмыз.

Әкімдік аузының суы құрып мақтап отырған шаруа қожалығын құзырлы органдар бұдан бұрынырақ заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан екен.

Сұңғат Әлмағамбетов, Шортанды аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: 

- Бұл салық төлеуші біздің ескертпелерімізге құлақ асатын емес. 2018 жылы да тоқсандар бойынша салық төлемдерін жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылған еді. Егер бұл жағдай қайталана берсе, мүлкін тәркілеуге дейін барамыз.

Ферма иесіне зейнетақы аударымдары мен басқа да әлеуметтік төлемдерді жасамағаны үшін 2 миллион теңге айыппұл салынғаны белгілі болды. Ал басшысы ақшаға жарымай отырған жұмысшылар енді қайтіп күнелтерін білмейді.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде