{metadescription}
Ақтөбеде жарымжан қызды дем салып, халық емімен айналысатын немере ағасы зорлаған
Ақтөбеде жарымжан қызды дем салып, халық емімен айналысатын немере ағасы зорлаған

Ақтөбеде жарымжан қызды дем салып, халық емімен айналысатын немере ағасы зорлаған

Ақтөбеде жарымжан қызды немере ағасы зорлаған. Қол-аяғы тартылып, сөйлей алмайтын бойжеткеннің жақынынан жәбір көргенін анасы ойда-жоқта біліп қалыпты. Үлкендер жоқта туысының айуандыққа барғанын науқас қыз ымдап көрсеткен. Қазір күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған. Жан шошытар жағдайды тілшіміз жәбірленушіден біліп қайтты.

Бұл үйдің адамдары қазір өз шаңырағынан жиіркеніп отыр. 53 жастағы немере ағасы мүгедек қызды осы үйде зорлаған. Туғалы аяқ-қолы тартылып қалған, айқайлауға тілі жоқ, құлағы керең бойжеткеннің қорғануға мүлдем мүмкіндігі болмапты. «Жау алыстан емес, күнде қасымызда жүргенін білмедік» деп туысына лағынет айтады бойжеткеннің анасы.

 

- Кім ойлаған? Адам қарайды, молда. Оған қоса құран оқиды. Келіп, қалай біздің артымыздан күліп....  Мал. Қызды қорлап жүрген үйінен тамақ ішіп, құран оқып...    

Қыздың зорланғанын «бірден білмедік» дейді анасы. Немере ағасы үйге келсе, қызы үрейленіп, «оны өлтіру керек» деп ыммен көрсететін болған. Мылқау жанның мұнша неге кіжінгені анықталғанда, талып түсе жаздаған.

Жәбірленушінің анасы:

- Ең жақын туысымыз. Ешкім ойлаған жоқ. Бәріміз оған сендік.  Кішкентайынан біледі, кішкентайынан! Шала туған қыз. Қалай ғана дәті барған, білмеймін.

Немере қарындасын зорлаған күдікті қазір қамауда отыр. Тергеу аяқталып, іс  сотқа жолданған. Бірақ судья қыздың бірнеше рет зорлық көргенін іске енгізуді прокурорлардан талап етіпті.

 

Айжамал Сүндет, Ақтөбе облыстық сотының бас маманы:

- Ақтөбе қаласының №2 сотына ҚКтің 120 бабының 2-бөлігі 4-тармағы, яғни зорлау фактісі бойынша айыпталған 1966 жылы туған азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті. Қылмыстық іс қылмыстық-процесстік заңнама талаптары бұзылғаны үшін қайтарылды.

Жақын күндері прокурорлар қателікті түзеп, істі қайта сотқа тапсыратын болады. Күдікті тергеу кезінде жарымжан жанның «келісімімен жыныстық қатынасқа түстім» деп жауап берген. Ең сорақысы, айуандыққа барған немере ағасының отбасы бар және науқастарға дем салып, халық емімен айналысатын көрінеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде