{metadescription}
Дариға Назарбаева: Отандық ғалымдардың еңбегіне сұранысты көбейту керек
Дариға Назарбаева: Отандық ғалымдардың еңбегіне сұранысты көбейту керек

Дариға Назарбаева: Отандық ғалымдардың еңбегіне сұранысты көбейту керек

Елімізде аграрлық ғылым саласында мамандар тапшы. Бүгінге дейін «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған 10 мың түлектің тек 70-нің қазір осы салада еңбек етуі бұған дәлел. Олқылықтың орнын толтыру үшін Сенат спикері Дариға Назарбаева мәселені Парламент тыңдауына енгізбек.

Қазір аграрлық сала бойынша білім алғандардың өзі мамандығымен жұмыс істегісі келмейді. Қалыптасқан күрделі жағдайдың күрмеуін табуда «Болашақ» бағдарламасы да дәрменсіз болып отыр. Бұл ретте Сенат төрайымы отандық ғалымдардың еңбегіне сұранысты көбейту керек дейді. Сәйкесінше, ол жас мамандардың қызығушылығын арттырады. «Ал шетелдік және отандық инвесторларға бірдей жағдай жасау маңызды», -  деді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Ғалымдармен жұмыс жүйесі қалыптаспаған. Олардың ауаға, жерге қатысты мол деректері бар. Бірақ олардың ақпараттарына ешқандай сұраныс жоқ. Керісінше, шетелдік сарапшыларға көп жүгінеміз. Отандық ғалымдарға сеніп, бірлесе жұмыс істеу керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.