{metadescription}
Атырау облысының тұрғындары электр энергиясының бағасын өсіруге қарсы шықты
Атырау облысының тұрғындары электр энергиясының бағасын өсіруге қарсы шықты

Атырау облысының тұрғындары электр энергиясының бағасын өсіруге қарсы шықты

Атырау облысында электр энергиясының бағасын өсіруге арналған қоғамдық тыңдау даумен аяқталды. Қолданыстағы тарифті көтергісі келген компанияға белсенділер мен тұрғындар қатты қарсылық білдірді. Энергиямен қамтушы мекеме қызмет көрсететіндер бағасын  көтерді деген уәж айтады.

- Бағаны өсіретін болсаңдар, онда үш күн бойы жарық болмаған жағдайда, түк істей алмай қалған кездің материалдық, моральдық келтірілген залалын төлеңдер.

Қалада аптап ыстық пен қақаған аязда жарық жиі сөніп қалады. Соңғы рет 31-ші желтоқсан мен қаңтар айының 3-не дейін жарық ауық-ауық өшірілген болатын. Осының кесірінен тұрмыстық техникалар істен шығып, зардабын тұрғындар тартады. Сол секілді шағын кәсіп иелері де жарық ақысын «әупіріммен төлеп жүрміз» дейді. Мәселен, Арман Хайруллин  ұядай ғана кеңсесіне тек электр энергиясына айына 40 мың теңге төлейді екен.

Арман Хайруллин, кәсіпкер:

Жеке кәсіпкер деген, менің ойымша, бұл жұмыссыз адам. Мемлекеттің мойнына асылмай, өзінің еңбегімен нәпәқасын тауып, отбасын асырап, елге де, жалпы айналаға да өзінің пайдасын тигізіп жүрген адам. Ал бағаны өсіруіне түбегейлі қарсымын. Өйткені халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен, сатып алу мүмкіндігі төмендеп бара жатыр.

- Тарифті көтеріп жатыр дейді. Мұнда өз бағамызды алып отырған жоқпыз. Айттық қой, сатып алатын жердің барлығы көтерілді. Тарататын ұйымдар да бағасын көтерді. 

 

Энергия сату мекемесі былтыр Президенттің пәрменімен қарапайым тұрғындарға тарифті квт/сағатына 4 теңге 35 тиынға түсірген. «Ал биыл энергия тасымалдаушылардың бағасы мен жеке шығынымыз көбейіп кетті», - дейді жарықты  сатушы делдалдар. Мемлекеттік мекемелерге сенуден қалған көпшілік табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдеріне де шүйлікті. Дегенмен олар қос тараптың мүддесін «тең қараймыз» дейді.

Наталья Дүйсемәлиева, Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:

- Қаперлеріңізге салайын, бір ғана жария тыңдау арқылы ақырғы шешім қабылданбайды. Шешім қабылдау кезінде көпшіліктің айтқан ұсыныстары мен пікірлерінің барлығы ескеріледі. Ал соңғы шешім 29 қаңтар күні қабылданады.

Ток көзін сатушылар электр қуатының әр кВт /сағаты үшін қарапайым тұрғындарға 6 теңге, ал заңды тұлғаларға 18 теңге 89 тиынға көтеруді сұрап отыр. Егер тариф саясаты монополистердің пайдасына шешілсе, онда орта есеппен алғанда 20 пайыздай қымбаттайды. Ал табиғи монополияларды реттеушілер мен тұтынушы құқығын қорғаушылардың кімнің мүддесін қорғайтыны осы айдың аяғында нақты белгілі болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде