{metadescription}
Ақтауда дәрігерлер мүгедек қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты
Ақтауда дәрігерлер мүгедек қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

Ақтауда дәрігерлер мүгедек қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

Ақтауда 14 жастағы мүгедек қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине шықты. Оны дәрігерлер ота арқылы алды. Аш ішекке дейін жеткен ине мен шаш жасөспірімнің денсаулығына қауіп төндірген.

Науқас екі күн бұрын  іші ауырып ауруханаға ауыр халде түскен. Компьютермен тексергенде оның ағзасында адам шошырлық заттардың бар екені анықталады. Сөйтіп қызға хирург дереу ота жасап, ішегінен бөгде заттарды алып шықты.

Айта кетейік, жасөспірімнің психикалық дамуы тежелген және церебралдық сал ауруымен ауырады. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Ал жасөспірімді құтқарған дәрігер Насухан Отарғазиев аймаққа жақсы танымал. Ол өткен жылы емделушінің бірімен жанжалдасып, сот шешімімен бір күнге қамалған еді. Артынша өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шықты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.