{metadescription}
Алматыда шетелдік нөмірлі көлікті жөнсіз тоқтатпайтын болды
Алматыда шетелдік нөмірлі көлікті жөнсіз тоқтатпайтын болды

Алматыда шетелдік нөмірлі көлікті жөнсіз тоқтатпайтын болды

Шетелдік нөмір таққан бұл көліктерді жол сақшылары бей-берекет тоқтата бермейді. Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы бүгін осындай уәде берді.

Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, бөтен көліктерді анықтауға арнайы рейд ұйымдастырылмайды. Ереже сақтап, тыныш жүргендерді жол сақшылары себепсіз тоқтатпайды. Ал ережені бұзған жүргізушілер ұсталған бойда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айып тұрағына жеткізіледі.

Қазір Алматыда бөтен нөмір таққан 20 мыңнан астам көлік бар. Жалпы, Қазақстанға соңғы үш жылда шамамен 200 мың шетелдік көлік кіріпті. Шекарадан заңсыз кіргізілген көліктерге осы уақытқа дейін көз жұма қараған құзырлы органдар бүгін өз қателіктерін мойындады.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Шекарадан өткен кезде көліктерді, құжаттарды тексермедік. Бір шетінен біз халықаралық байланыстағы мемлекеттерміз ғой. Қазір біз ондай қателікті мойындап отырмыз. Мен Алматы қаласына ғана жауап бере аламын. Арнайы рейд болмайды. Бірақ жол ережесін бұзған сәтте оны сақшылар тоқтатып, шара қолданады.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.