{metadescription}
Тастанды сәбидің анасы табылып, ауруханаға  жатқызылды
Тастанды сәбидің анасы табылып, ауруханаға  жатқызылды

Тастанды сәбидің анасы табылып, ауруханаға жатқызылды

Атырауда жас босанған сәбиін көшеге тастап кеткен көкек ана ауруханаға жатқызылды. Себебі, дәрігерлердің көмегінсіз босанғаннан кейін оның денсаулығы күрт сырт берген. Құндақтаулы сәбиді құбырға тастай қашқан келіншекті полицейлер жұма күні қолға түсірген. 

Гүлназира Мұхтарова, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Криминалдық полиция және жедел басқару орталығының қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру шаралары нәтижесінде бейнекамералардың көмегімен Батыс Қазақстан облысының 1998 жылғы туған тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұл азаматша көршілес Орал қаласынан келіп, осында жалдамалы пәтерде тұрған.

Естеріңізге салсақ, өткен бейсенбіде жылу құбырларының арасынан жаңа туған шақалақтың табылған болатын. Баланың шырылдап жылаған дауысын естіген сол маңда тұратын кейуана бейкүнә сәбиді құтқарып қалған. Үсік шалуға әзер қалған сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды.

«Қазір нәрестенің жағдайы жақсы, жалпы палатаға ауыстырылды», - дейді дәрігерлер. Қырқынан шыққан соң сәби балалар үйіне жіберілуі мүмкін. Қазір бұл іске қатысты медициналық және психологиялық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көкек ана ауруханадан шығысымен тергеу қапасына қамалады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.