{metadescription}
10 жыл күткен нәресте жарық дүниені он күн ғана көріп, көз жұмды – Алматы
10 жыл күткен нәресте жарық дүниені он күн ғана көріп, көз жұмды – Алматы

10 жыл күткен нәресте жарық дүниені он күн ғана көріп, көз жұмды – Алматы

Алматыдағы перзентханада 10 күн бұрын туылған шақалақ шетінеп кетті. Салмағы  төрт келіден асып туылған шекесі торсықтай нәресте  алғашында аман-есен үйіне шығарылған. Алайда денесі сарғайып, құса берген соң анасы жедел-жердеммен сәбиді перинаталды орталыққа жеткізіпті. Бұл жерде үш күн жатқан шақалақ кеше қайтыс болды. Қан жұтқан отбасы баласының өлімін сары ауруға қарсы салынатын екпеден көріп отыр.

Бүгін жер қойнына тапсырылған шақалақ отбасындағы екінші бала. Алайда ата-анасы 10 жыл күткен нәресте жарық дүниені небәрі он күн ғана көрді. Қаңтардың 9-ы күні туылған сәби осыдан үш күн бұрын Алматыдағы перинаталды орталыққа жеткізілген. Алайда дәрігерлер баланың «құжаты жоқ» деп, бір жарым сағат бойы дәлізде күттіріп қойды дейді әкесі.

Илья Рогозин, баланың әкесі:

- №3 перзентханадағы перинаталды орталыққа әкелді. Біз баланың құжаттарын үйде ұмытып кетіппіз. Сондықтан мен оларды әкелгенше, бізді қабылдамады. Әйелім баланы ұстап дәлізде отырды. Тек сосын ғана ұлымды палатаға жатқызды. Бала ол кезде тоқтаусыз құсып жатқан.

Дәрігерлер шақалақтың «биллирубині көп, денесі сарғайған» деген диагноз қойған. Сол бойынша ем-дом жасағанымен, кішкентай Андрей құсуын қоймай, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Оны бірден жасанды демалту аппаратына таңыпты. Бірақ сәбиді ақ халаттылар ажал аузынан алып қала алмады. Ал шақалақтың әкесі «балам сарғаю синдромынан емес, сары ауруға қарсы салынған екпеден өлді» деп отыр.

Илья Рогозин, баланың әкесі:

- Перзентханада әйелім босанған бойда балаға гепатитке қарсы екпе жасады. Баламның өліміне осы вакцина себеп болды деп ойлаймын. Олар мүмкін екпенің мөлшерін арттырып жіберген шығар. Одан кейін баланың денесі сарғайып тұрса, перзентханадан шығаруға болмайды. Оны емдеу керек. 

Ал ақ халаттылар нәрестенің неден көз жұмғанын анықтауға арнайы комиссия құрылғанын жеткізді. Десе де, болжам бойынша бактериалды сепсис, яғни «қаны бұзылған» деген қорытынды шығарған. Сондықтан шақалақтың көз жұмуына «екпенің еш қатысы жоқ» дейді.

Әсел Бейсенбаева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Баланың нақты неден көз жұмғаны гистологиялық зерттеу қорытындысы шыққанан кейін белгілі болады. Бірақ екпеден көз жұмды дегенге келіспейміз. Он күн ішінде комиссияның қорытындысын алып, құзырлы органдарға тапсырамыз. Перзентханадағы бала өлімі қала басшысының қатаң бақылауында.

Ал он жыл күткен баласынан көз жазып қалған ата-ана ақ халаттыларды сотқа бермекші. Әлі де өзіне келе алмай есеңгіреп қалған Рогозиндер отбасы алдағы уақытта тиісті орындардың бәріне «шағым жазамыз» деп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.